Қоғам • 07 Қазан, 2019

Лондондағы бизнес-форум

236 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігі, «Отандастар қоры» КеАҚ және «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» РҚБ жақында Лондонда Ұлыбританияда тұратын отандастары­мыздың қатысуымен бизнес-форум ұйымдастырды.

Лондондағы бизнес-форум

Бұл шетелде тұратын отан­­­дас­тармен байланыс орнату және нығайту бойынша Қор бағдарламасы сериясын­дағы төртінші бизнес-форум. Шара­ның негізгі мақсаты – Ұлы­бри­таниядағы қазақ диас­пора­сы өкілдерімен іскер­лік қарым-қатынас орнату. Форумға Қазақ­станның Ұлы­бри­тания­да­ғы елшісі Ерлан Ыды­рысов, Дүние­жүзі қазақтары қауым­дастығы Төрағасының орын­басары Жәнібек Лесбеков, «Отан­дастар қоры» КеАҚ вице-пре­зи­денті Мағауия Сарбасов және қазақ диаспорасы өкілдері мен Ұлы­британияда оқып жүрген қа­зақ­стандық студенттер қатысты.

Мағауия Сарбасов жиынға қатысушыларды «Отандас­тар қоры» және Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығының қыз­меті­мен, шетелдегі диаспорамен жұмыс істеу жөніндегі қордың негізгі жобалары­ның бірі – әлем бойынша Қазақ мәдени-іскерлік үйі желісін құру жөніндегі жоспарымен таныстырды.

Орталық кеңсесі Қазақстан астанасында орналасқан Қазақ мәдени-іскерлік үйі ресми өкілі ретінде шетелдерде тұратын этностық қазақтар тартылатын іскерлік үйлері мен мәдени орталықтар желісін құрады. Олар қазақ мәдениетін, салт-дәстүрін, ұлттық брендтерін дәріптейді және тілді сақтайды. Сондай-ақ қазақстандық экспортты, өнімдерді таратуға атсалысады. Бизнес-келісімшарттар жасауға қатысады, серіктестерді, тың бизнес идеялар мен иннова­циялық стартаптарды іздейді. Израиль, Армения тәрізді елдер­де мәдениетті ілгерілету мен биз­­несті дамытуда кеңінен қол­да­ныл­­ған бұл ұстаным – диас­пора өкілінің білім-білігі мен тұ­ратын елінің тұтыныс қажет­ті­лігі жайлы түсінігін дұрыс бағытта пайдалануда нақты жемісін берген.

Бизнес-форум барысында қаты­сушылар өзара іс-қимыл, бизнес-бастамаларды ынта­ландыру және стартаптарды қол­дау тетіктерін егжей-тег­жейлі талқылады.

Осы жағдайды пайдалана отырып, қор өкілдері қазақ диас­порасы арқылы Ұлы­бри­­тания нарығына қазақ­стан­­дық өнімдерді, атап айтқан­да айран, шұбат, қымыз сияқты сүт өнімдерін және еуропа­лық­тардың қызығушылығын туды­ратын басқа да өнім­дер­ді шығару мәселелерін талқы­лады. Сонымен қатар Лондонда «Астана Опера», «Астана Балет», Құрманғазы атындағы оркестр сияқты мәдени және ұлт­тық брендтерді ілгерілету, диас­пора арасында тілді сақтау, сон­­дай-ақ «Абай» мәдени орта­лы­ғын құру мәселелері қозғалды.

Соңында Қор өкілдері кезде­суге қатысушылардың барлы­ғын осы жылдың қараша айында Түркістан қаласында өтетін отандастардың бірінші форумына шақырды.

Лондондағы бизнес-форум Мюнхен, Сан-Франциско, Ыс­тан­бұл және Ташкент қала­ларын­дағы кездесулерден кейін­гі бесінші жиын. Түрлі елдерде тұратын отандастармен осындай кездесулерді алдағы уақытта ГФР, АҚШ, ҚХР, Өзбекстан, Түр­кия және Ресей елдерінде өт­к­ізу жоспарда бар. Ал келе­сі бизнес-форум осы айда Сток­гольмде (Швеция) өтеді деп күтілуде.

 

Дайындаған

Жолдыбай БАЗАР,

«Egemen Qazaqstan»