Руханият • 08 Қазан, 2019

Екі ел қарым-қатынасы жаңа сатыға көтеріледі

290 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ж.Түймебаев Болгария Вице-президенті И.Йотовамен кездесті.

Екі ел қарым-қатынасы жаңа сатыға көтеріледі

Қос тараптың кездесуіне этномәдени орталықтардың өкілдері де қатысты. Болгария Республикасының делегациясын бастап келген Илияна Йотова ресми басқосу алдында Достық үйін аралап, қазақтың ұлттық дәстүрінің көне жәдігерлерін тамашалады және бір шаңырақ астында түтін түтеткен этнос­тар­дың төл мәдениеті мен туған тіл­дерін сақтауға, дамытуға берілген мүмкіндіктің кеңдігіне таңғалды.

Қазақстан халқы Ассам­блеясы Төрағасының орынбасары Ж.Түймебаев өз сөзінде Қазақ­станда 4523 болгар тұра­тынын, олардың алғашқы қоныс аударуы Украина мен Бес­са­рабиядан XX ғасыр басындағы Столыпин реформасынан кейін басталғанын атап өтті. Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласында, Павлодар, Атырау, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында болгар тілін, мәдениеті мен ұлттық дәстүрлерін сақтау мақсатында Болгар мәдени ор­талықтары ашылғанын жеткізді.

Қазақстан мен Болгария мүдделес және одақтас мемлекеттер екенін айта келе,  Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт То­қаевтың Болгариядағы Қазақ­стан дипломатиялық миссия­сын елшілік ретінде қайта құру туралы шешімі екі ел қарым-қатынасын жаңа сатыға көте­ретініне тоқталды. Соның ішінде білім, спорт, мәдениет саласының қарқынды дамитынына сенім білдірді.

Қазіргі таңда болгар тара­пының қатысуымен елімізде 80-ге жуық компания тіркелген. Бол­гарияда 35-ке жуық қазақстан­дық компания жұмыс істейді. ҚХА құрамында 4 болгар этно­мәдени бірлестігі бар. Бар­лық орталықтар Қазақстан хал­қы Ассамблеясы өткізетін мә­дени іс-шараларға тұрақты қатысады.

Болгария Вице-президенті И.Йотова өз кезегінде Қазақ­стан­да болгарлардың тілін, дәстүрін сақ­тауына барлық қолайлы жағ­дай жасалғандығына ризашы­лығын білдіріп, қазақстандық бол­гар жастарын тарихи отан­да­р­ында тегін білім алуға ша­қыр­ды.

Сондай-ақ «Доссыз өмір – тұз­сыз ас» деген қазақтың көне ма­қалын есіне алған Илияна Йотова әлемнің кейбір елдерін­де саяси жағдай ушығып тұрған бү­гінгі кезеңде жастарды толе­ранттылық пен бейбітсүйгіштілік қасиетте тәрбиелеу маңызды екендігіне тоқталды.

Кездесу соңында Жан­сейіт Қансейітұлы болгар деле­га­циясының басшысына ел­дегі бірліктің символы Шаңы­рақ мүсінін сыйға тартты. Бол­гарлықтар да құрқол келмепті, олар достықтың ұйытқысы бол­ған Ассамблеяға ежелгі болгар әліпбиінің құймасын тарту етті.

 

«Егемен-ақпарат»