Медицина • 08 Қазан, 2019

Заманауи медициналық орталық салады

446 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Шымкентте қатерлі ісік ауруын ерте сатысында анықтайтын «ПЭТ» орталық ашылады. Осылайша, миллионнан астам тұрғыны бар Шымкент қаласының халқы енді сапалы ем іздеп Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына сабылмайтын болды.

Заманауи медициналық орталық салады

Қатерлі ісікке шалдыққан науқастар бұдан былай диа­гнос­тикалық тексеруден өту үшін онкологиялық орта­лық­тағы «ПЭТ» орталығының қызметіне жүгіне алады. Жаңа тексеру орталығының жұ­мысын іске асыру үшін қала әкімі Ерлан Айтаханов түрік компаниясымен келіс­сөз жүр­гі­зіп, екіжақты меморан­дум­ға қол қойды.

Меморандум аясында тү­рік инвесторлары қалалық он­кологиялық орталыққа соң­ғы үлгідегі заманауи­ пози­тронды-эмиссионды то­­мо­графия және цикло­трон қон­дыр­ғысын орнатады. Цикло­трон ап­параты нау­қастарға қажетті ра­дио­фарм­пре­параттар­ды да­йындау мақ­сатында орнатылуда. Жалпы жоба құны 2,7 млрд тең­гені құрайды.

Бұл құрал-жабдықты орнату арқылы жылына орташа есеппен 10 мың адамнан он­ко­логиялық аурулардың таралуын ерте сатысында анықтап, өлім-жітім көрсеткішін едәуір азайтуға мүмкіндік береді. Айта кетейік, түрік компаниясының жобасы бойынша мемлекеттік бюд­жет есебінен қосымша қар­жы бөлінбейді. Инвестор өз қаражаты есебінен жаб­дық­тар­ды сатып алып, нысанды жалға алу арқылы халыққа те­гін медициналық қызмет көрсетеді.

Қатерлі ісік ауруы ерте са­­­­тысында анықталған жағ­дайда сауығып кету мүм­кін­ді­гі мол болады. Ал «ПЭТ» құрал жабдығы қатерлі дерт­ анықталған жағдайда асқын­дыр­май, емді ерте бастауға мүмкіндік береді.

Бүгінге дейін диагностикадан өту үшін науқастар 2-3 ай уақытқа дейін кезек кү­тіп, Нұр-Сұлтан, Алматы қала­ларына ба­руына тура келе­тін. Ал ПЭТ/КТ құрал-жаб­дығын орналастырғаннан кейін диагностиканы қажет ететін пациенттер өзге қалаға сабылмай-ақ Шымкент қала­сындағы онкологиялық орта­лыққа барып, қажетті тексеруден өте алады. ПЭТ құрал-жабдығы күніне 30 адамға дейін қабылдай алады.

Шымкент қаласындағы онкология орталығында науқас­тардың 100 пайызы зерт­теу­дің бұл түрін медициналық көмектің кепілденген көлемі шеңберінде тегін өтеді.

 ШЫМКЕНТ