Аймақтар • 08 Қазан, 2019

Қостанайда салықтан жалтартты деген 18 қылмыстық істің 10-ы қысқартылған

222 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл жөнінде облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.

Қостанайда салықтан жалтартты деген 18 қылмыстық істің 10-ы қысқартылған

«Макс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, облыстағы 82 жастағы ең қарт кәсіпкер Максим Артемуктің үстінен қылмыстық іс қозғалған болатын. Қарт кәсіпкер өзі тұратын Қарасу аудандық кіріс бөлімінің түсіндіруі бойынша салығын төлеп отырған, ал облыстық кіріс басқармасы оны 212 миллион теңге төлемеген деп санайды.

Максим Артемук облыстағы белгілі меценат, оның кәсіпорны құрылған кезінен бастап қайырымдылық шараларымен айналысады. Оның сыртында ауылдағы мектепке, ауруханаға, әлеуметтік аз қорғалған отбасыларымен бюджет қызметкерлеріне көмек беруді кәсіпрорын өз мойнына алған. 2018 жылдың қорытындысы бойынша ол облыстағы «Жыл меценаты» атанып, «Жомарт жүрек» сыйлығымен марапатталды.

Ал биыл Максим Артемуктың өзіне көмек керек болды. Ол жиын-терін науқанына кірісу үшін алдымен экономикалық тергеу департаментіне өзінің кінәсіз екенін дәлелдеп алу керек болды. Ол өзін қорғау үшін кәсіпкерлердің облыстық палатасына жүгінді.

«Тәжірибе көрсетіп жүргендей, облыстық экономикалық тергеу департаменті тіркеген бизнес нысандарына қатысты қылмыстық істердің төрттен бірі қылмысының жоқтығына байланысты қысқартылады. Артемуктің үстінен қозғалған істе дәл солай болып отыр. Қазақстан Республикасының ҚК 245-бабы бұл қылмыстың үш түрлі тәсілмен орын алғанын қарайды, олар: декларациясын көрсетпегені, декларациядағы мәліметтердің бұрмаланып көрсетілуі және салық салынатын өз нысандарын қысқартып көрсету. Мына істе кәсіпкер олардың біреуін де жасамаған, таза. Оның таза екенін салық органдарының актілерімен дәлелденеді»,- деді кәсіпкерлер құқын қорғау кеңесінің кезекті отырысында облыстық кәсіпкерлердің өңірлік палатасы директорының орынбасары Самат Сәдуақасов.

Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкер Артемуктың аудандық салық бөлімінің түсіндіру жұмыстары шеңберінде әрекет еткенін айтып, экономикалық тергеу департаментіне қылмыстық істі қысқарту туралы хат жазған болатын. Оған ешқандай жауап болмаған соң, кәсіпкерлер палатасының заңгерлері облыстық прокуратураға шағымданды. Прокуратура істі бастан аяқ тесеріп, кәсіпкердің ешқандай салық заңнамаларын бұрмаламағанын анықтап, ұзаққа созылған қылмыстық істі қысқартуға нұсқау берді.

Облыста тек 2018 жылы ғана салығын жасырғаны жөнінде экономикалық тергеу департаменті тіркеген 18 істің 10-ы ақталып, қысқартылған.