Мемлекет басшысы өз сөзінде елорда еліміздің негізгі әрі аса маңызды жобасы екенін атап өтті.
«Бүкіл әлемге Назарбаев моделі немесе Қазақстан жолы деп мойындалған стратегия дәл осы шаһардан басталды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен салынған астана жылдан жылға дамып келе жатыр. Бүгінде еуразияның жүрегінде орналасқан елордамыз ірі саяси-экономикалық, мәдени және білім орталығы болып қалыптасты», - деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев бас қаланың бірқатар жетістігіне, оның ішінде қала инфрақұрылымының қарқынды дамып келе жатқанына тоқтала келе, осы даму қарқынын бәсеңдетпей, ары қарай күшейту керектігін баса айтты.