Қоғам • 09 Қазан, 2019

Елордада ASTAUfest-2019 гастрономиялық фестиваліне 50 аспаз қатысуда

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда ASTAUfest-2019 гастрономиялық фестивалі басталды. Фестиваль аспазшы мамандығының мәртебесін асқақтату үшін өткізіліп отыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Елордада ASTAUfest-2019 гастрономиялық фестиваліне 50 аспаз қатысуда

Аспазшы күніне арналған фестиваль өз алаңында Қазақстан, Ресей мен Қырғызстаннан 50 қатысушыны жинады. Үздік маман атағы үшін кәсіби аспаздар мен колледж студенттері-аспазшылар бақ сынап жатыр.

Биыл бағдарламаға ұйымдастырушылар мектеп оқушылары мен студенттерге арнап тамақ әзірлеу туралы тапсырманы енгізді.

ASTAUfest-2019 гастрономиялық фестивалі «Тағамтануды ұйымдастыру» мамандығын насихаттап, мәртебесін көтеруге, маман даярлау мен олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға арналған. Фестиваль барысында шетелдік серіктестер шеберлік сағаттарын өткізіп, оқу орындарымен бірлескен инновациялық жобалардың іске асырылу барысын айтып береді.

Жарыс соңында «Арт-класс», «Шеф-кондитер», «Студенческий обед», «Шеф-повар», «Сервис класс» аталымдары бойынша үздік мамандар сыйлыққа ие болады.