Жиында Елбасының тұрғындармен кері байланысты нығайту, азаматтардың талап-тілектерін жеке-жеке қарауға қатысты 2019 жылдың 21 тамызда өткен партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген мәжілісінде берген тапсырмаларын, сондай-ақ, Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» концепциясының шеңберінде айқындалған бағыттарды жүзеге асыру мәселелері қаралады.
Бұл мәселелер бойынша Аймақтық және аумақтық партиялық бақылау комиссиялары қыркүйек айында жұмыс жүргізді. Соның нәтижесінде партия мүшелерінің азаматтардың өтініштерін қарауына қатысты атқарылған оң істердің, сонымен қатар, олқылықтар мен кемшіліктер, паритияның жекелеген мүшелерінің оның ішінде жергілікті атқарушы орган басшыларының, мәслихат депутаттарының ҚР заңдары мен Партиялық әдеп кодексін бұзған жағдайларға қатысты ауқымды мәлімет жиналды.
Комитет отырсында орталық және аймақтардағы партиялықтардың жұмысындағы барлық кемшіліктер мен олқылықтарға партиялық баға беріледі. Оның ішінде партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінде азаматтарды қабылдауға формалды түрде қарау, мәслихат депутаттары мен мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының белгіленген қабылдауға келмеген (мәселен, Қызылорда облысында) өрескел фактілеріне қатысты мәселе қаралады.
Сонымен қатар Партиялық бақылау комитеті жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдардың басшылары болып табылатын партия мүшелеріне азаматтардың өтініштерін қарау және олармен қарым-қатынас жасау кезінде Жарғының, партияның Әдеп кодексін және жалпы қабылданған моральдық-этикалық талаптарды бұзғаны үшін айыппұл салуды ұсынады.
Сондай-ақ жиынға қатысушылар азаматтардың өз өтініштерінде және партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінде өткен қабылдаулар кезінде көтерген мәселелерді қарауда немқұрайлылыққа жол бермеу үшін ұсыныстар әзірленеді. Партияның бірқатар нормативтік-құқтық актіі мен ішкі реттеуші құжаттарына түзетулер енгізу бойынша ұсыныстар дайындалуда.
Қаралып жатқан мәселе қатысты кері байланысты қамтамасыз етіп, ұсыныстар, өтініштер мен талап-тілектер білдіру үшін партияның Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде сенім телефоны жұмыс істейді: 8-800-080-44-41.