Президент • 10 Қазан, 2019

Президент Ақтау қаласына барды

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтау қаласына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбук парақшасында жазды. 

Президент Ақтау қаласына барды

"Президент мұнда қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбайұлына қойылған ескерткіштің ашылу салтанатына қатысады. Сонымен қатар жаңадан пайдалануға берілетін Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің жұмысымен танысады" делінген жазбада.