Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 1730
Сәрсенбі, 6 наурыз 2013 5:00
2012 жылғы 28 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру қағидаларын бекіту туралы» 2003 жылғы 4 маусымдағы № 530 және «Геодезиялық және картографиялық қызмет саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру ережесін, Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау және пайдалану ережесін, Геодезиялық пункттерді қорғау туралы ережені бекіту туралы» 2003 жылғы 23 маусымдағы № 593 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 маусымдағы № 530 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 25,235-құжат):
Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру қағидаларында:
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге арналған рұқсат
(бұдан әрі – Рұқсат) алу үшін заңды және жеке тұлғалар (бұдан әрі – Өтінім берушілер) уәкілетті органға өтінім береді.»;
2) «Геодезиялық және картографиялық қызмет саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру ережесін, Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау және пайдалану ережесін, Геодезиялық пункттерді қорғау туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 маусымдағы № 593 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 27, 256-құжат):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау және пайдалану ережесін, Геодезиялық пункттерді қорғау туралы ережені бекіту туралы»;
1-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау және пайдалану ережесінде:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілерінің өтінімдері бойынша материалдар мен геодезиялық деректерін, оның ішінде «қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар немесе олардың көшірмелерін Қазақстан Республикасының Ұлттық картографиялық-геодезиялық қоры береді.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Геодезиялық пункттерді қорғау туралы ережеде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Геодезиялық пункттерді есепке алу мен олардың сакталуының қамтамасыз етілуін бақылауды геодезия және картография саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.