Жедел жағдайда хирургиялық бөлімге жеткізілген науқаста ауырсыну мен нәжіске қан араласу белгілері байқалған.. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше,, сәбиде құсудың әсерінен дегидратация дамып, ішек инвагинациясы пайда болған.
-Науқасқа ота 1 жарым сағат көлемінде лапароскопиялық әдіспен жасалынды. Бұл елімізде көп кездеспейтін операциялық әдістердің бірі. Бірақ, ота күрделілігіне қарамастан сәтті аяқталды. Қазіргі таңда сәбидің жағдайы бірқалыпты. Тыныс алу ырғағы қалпында, жиілігі минутына – 36. Аускультация кезінде жүрек соғу жылдамдығы да дұрыс. Пульс минутына – 132. Отадан кейінгі тігістер алынып, жара өңделді, - дейді хирургия бөлімшесінің дәрігері Аманжол Адрисов.
Бөбегін қиын жағдайда дәрігерлер қолына тапсырған анасы біліктіліктеріне риза болып, алғыс айтты.