Үкімет • 11 Қазан, 2019

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Маңғыстау облысына келді

669 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Маңғыстау облысына келді

Бірінші кезекте Ерлан Заманбекұлы ГМ 172/6 мемлекеттік мекемесіне барып, сотталғандардың тұрмыстық жағдайларымен, медициналық-санитарлық көмек көрсетілуі, тамақтануы және еңбекпен қамтуы мәселелерімен танысты. Сондай-ақ Е.Тұрғымбаев қамаудағылардың жеке сұрақтары бойынша қабылдау жүргізді.

Полиция департаментінде министр мұражайға барып, экспонаттармен танысты. Айта кету керек, мұражайда "Халық Қаһарманы" атағына ие болған батыр полицей Ғазиз Байтасовқа арналған бұрыш бар.

Одан кейін Е. Тұрғымбаев ПД, ТЖД, ҚАЖД басшылығымен және жеке құраммен кездесті. Департамент басшылары 9 ай қорытындысы бойынша атқарылған жұмыс туралы министр алдында есеп берді.

Іс-шара соңында Ішкі істер министрі басшылық құрамға мерзімінен бұрын арнайы атақтар беріп, Қазақстан Республикасы ІІМ алғыс хаттарымен және грамоталарымен марапаттады.

Атап айтқанда, Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Нұржан Оразұлы Махмутовқа, Ақтау қалалық Полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің мүліктік қылмыстарды ашу бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Марат Елубайұлы Эрниязовқа, Ақтау қалалық Полиция басқармасының аға криминалисі, полиция майоры Александр Валерьевич Коренскихке полиция подполковнигі атағы берілді.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы ІІМ Грамотасымен Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің жедел әрекет ету арнайы жасағының взвод командирі, полиция капитаны Мантақ Парахат Асанұлы, Қазақстан Республикасы ІІМ Алғыс хатымен Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің Ақтау қалалық Полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторы, полиция лейтенанты Насиханов Нұрбек Хаарманұлы, ІІ дәрежелі "Ішкі істер органдарының үздігі" төс белгісімен Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің Жаңаөзен қалалық Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Елемесов Биғали Бисенғалиұлы марапатталды.

Сондай-ақ қызметтік міндеттерін адал атқаратын және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін полиция қызметкерлерін тәрбиелегені үшін Қазақстан Республикасы ІІМ Алғыс хаттарымен полиция лейтенанты Құрмантаев Нұржан Бекназарұлының әкесі Құрмантаев Бекназар Талыбұлы және полиция лейтенанты Унайбаева Алтынай Бейсенқызының анасы Унайбаева Артик Отеғалиқызы марапатталды.

Министр Көші-қон қызметтерін көрсету орталығына, Ақтау қалалық Полиция басқармасының фронт-кеңсесіне, "Каспий" стационарлық полиция бекетіне барып, қызметтерімен танысты.