Оның айтуынша, әуе бағыттарына субсидиялар бекітілген. Қазіргі уақытта әуе тасымалдаушыларын іріктеу бойынша конкурс жүргізіліп жатыр.
«Байқау рәсімдері екі рет өтпей қалды. Тасымалдаушылар тарифтерді көтеруді сұрады. Біз оларды қайта қарап, үшінші рет конкурс жарияладық. Жақын арада бағыттарды ашуды жоспарлап отырмыз, шамамен мамыр айының ортасынан бастап. Билеттерді сату конкурс аяқталғаннан кейін бірден басталады», деді вице-министр.
Сондай-ақ оның сөзінше, теміржол билеттерін сату сәуір айының ортасында басталады. Бұл – бағыт іске қосылғанға дейінгі (1 маусым) 45 күн бұрын жүзеге асады.