Аймақтар • 11 Қазан, 2019

Жыл басынан бері Маңғыстаудың 3 мыңнан астам тұрғыны мемлекеттік қызмет алды

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ағымдағы жылдың 9 айлық қорытындысы бойынша жылжымалы Халыққа қызмет көрсету орталықтары алыс шалғай ауылдарға 242 рет сапарға шығып, 3119 мемлекеттік қызмет көрсетті. Бұл туралы Халыққа қызмет көрсету орталығының баспасөз қызметі хабаралды.

Жыл басынан бері Маңғыстаудың 3 мыңнан астам тұрғыны мемлекеттік қызмет алды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Маңғыстау облысы бойынша филиалының баспасөз хатшысы Бағила Жарланованың айтуынша, қала тұрғындарымен салыстырғанда ауыл тұрғындарының көпшілігі Цифрлық қызмет түріне қызығушылық танытады. Жылжымалы ХҚО-ның тобы кестеге сәйкес іссапарға аттанып, ауыл тұрғындарының құжаттарын қабылдайды. Және электронды үкімет порталы арқылы өз бетінше мемлекеттік қызметтерді ХҚО көмегінсіз қалай алу керектігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

Жылжымалы ХҚО 2012 жылдан бастап шалғайдағы ауылдық округтерге қызмет көрсете бастады. Ауыл тұрғындары олар арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт-офистерінде көрсетілетін 648 мемлекеттік қызметтің кез келгенін, аудан орталығына шықпай ХҚКО мобильді тобының келуімен ала алады.

Мамандардың айтуынша, бүгінгі таңда облыста 13 шалғай елді мекенді қамтитын және қызмет көрсететін 3 жылжымалы халыққа қызмет көрсету орталығының тобы жұмыс істейді. Қызмет көрсету күні мен уақыты тоқсан сайын алдын ала облыс әкімдіктерінің сайттарында жарияланады. Бүгінгі таңда тұрғындар арасында ақпараттық анықтамаларға және әлеуметтік қызмет түрлеріне, атап айтқанда мекенжай анықтамаларына, 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы тағайындау және т.с.с мемлекеттік қызметтерге сұраныс көп.

Жылжымалы ХҚО ең алдымен шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына уақыт пен жол ақыға кететін шығынды үнемдеуге мүмкіндік береді.