Қазақстан • 12 Қазан, 2019

2020 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмекті төлеуде өзгерістер болады

8053 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бұл туралы Өңірлік Коммуникациялар Қызметі алаңында өткен брифинг барысында Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және Әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Нұрмамедова Қарашаш Ишбергенқызы мәлімдеді.

2020 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмекті төлеуде өзгерістер болады

-Атаулы әлеуметтік көмек - бұл атаулы көмек, аз қамтамасыз етілген отбасыларға бағытталған көмек. Жұмыспен қамту арқылы отбасының кірісін арттыруға бағытталған ақшалай көмек және әлеуметтік бейімделу, отбасының бизнесін және басқа да жұмыс түрлерін ұйымдастыруға бағытталған көмек.

         Қазіргі таңдағы Атаулы әлеуметтік көмек берудің негізгі критерийлеріне тоқталатын болсақ, бұл - отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөрістік деңгейінің 70 пайызынан аз болған жағдайда, отбасының әрбір мүшесіне кедейшілік шегіндегі мөлшерінде атаулы әлеуметтік көмек көрсетіліп отыр.Әрбір балаға кедейшілік шегіндегі мөлшерінде көмек төленіп отыр. Бұл кедейшілік шегіндегі мөлшері бізде 3 тоқсанда 26 939 теңгені құрайды. Егер отбасының табысы әрбір мүшесіне осы сомадан кем болып жетпегенде – әрбір балаға 29 939 теңге мөлшерінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалайын деп отыр. Ал отбасының ересек мүшелеріне сол отбасы табысы мен күнкөріс деңгейінің арасындағы айырмашылық мөлшерінде көмек төленеді.

Ағымдағы жылдың 9 айында АӘК-ке 9 398 отбасы немесе 52 163 адам (34,027 бала) тағайындалды. Оның ішінде 5172 немесе 34433 адам көп балалы отбасылар, олардың 23794-і балалар.

Жалпы сомасы 4 318,8 млн. теңге қарастырылған, оның 4 079,1 млн. теңгесі төленген.

1665 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды (оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына - 1005, уақытша жұмысқа 574; кәсіптік оқуға және оқуға 64 адам жіберілді), кәсіпкерлікті дамытуға 159 микрокредит берілді, оның ішінде 59 көпбалалы аналар, мүгедектер мен жастар. Бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін 200 АЕК мөлшерінде 253 грант, оның ішінде 23 көпбалалы отбасы, 19 аз қамтылған.

2 мыңнан астам отбасы өздерінің нақты кірістерін жасырғаны анықталды, бұл АӘК-нің заңсыз тағайындалуына әкелді. Олар үшін барлық шаралар қолданылды, біз бұрын тағайындалған АӘК-ні тоқтатуға немесе қайта санауға мәжбүр болдық (аяқталды - 1000 отбасы, 113 отбасы тоқтатылды, 1121 отбасы қайта есептелді).

АӘК алатын балалардың шамамен 60% -ы көп балалы отбасылардың балалары.

Көп балалы отбасылар - 4840 отбасы (55,7%), үш бала - 2351 отбасы (27%), екі бала - 1046 отбасы (12%), бір бала - 462 отбасы (5%), балаларсыз - 31 отбасы ( 0,3%),- деді Қарашаш Ишбергенқызы.

 

Маңғыстау облысы