Аймақтар • 14 Қазан, 2019

Қарабалықта Мәдениет үйі өртеніп кетті

19 реткөрсетілді

Қарабалықтықтар поселкенің құрылғанына 90 жыл толуына тойлаған мерекенің соңы өртке ұласты.

Қарабалық ауданының орталығындағы «Қарабалық» мәдениет үйінің үш қабатты ғимараты отқа оранды. Үйдің 700 шаршы метр болатын төбесі түгел жанып кетті. Өрт түн мезгілінде басталған. Өрт сөндірушілер үйдің төбесінен шіріген материалдарды алғаннан кейін, қызыл от ауыздықталды. Таңғы 05.00 шамасында өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер болған жоқ.

Өрт сөндірушілер сол түні пиротехникаларды абайсыз пайдалану өрттің себебі болуы мүмкін екенін айтып отыр. Ғимараттың төбесін жапқан жылу өткізбейтін материалдың шіруі қызыл жалынды өршелендіріп жіберген. Тілсіз жауды ауыздықтауға 8 техника мен 30-дан астам ызметкерлер тартылды.

 

Қостанай

Соңғы жаңалықтар

Таралым һәм қаралым

100 • Бүгін, 06:55

Жүз жыл

100 • Бүгін, 06:27

Инвестиция – даму даңғылы

Аймақтар • Бүгін, 05:49

Ұқсас жаңалықтар