Келіссөздер барысында Тараптар 2018 жылы екі ел арасындағы Автомобильмен жүк тасымалдарының көлемі 20%-ға артты. 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында тасымалдар көлемі 574 мың тоннаны құрады және 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5%-ға артты.
Жүктердің уақытылы жеткізілуін қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылға «С» түріндегі рұқсат бланкілерінің қосымша 10 000 данасымен алмасуға қол жеткізілді. Автомобиль көлігімен транзиттік жүк тасымалдарын арттыру мақсатында екі жақ тарап бірлесіп, кәсіпорын құру мәселесін талқылады.
Сондай-ақ Тараптар келіссөздер барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы жолаушылар тасымалдары мәселелерін талқылады.
Сонымен бірге Қазақстан тарапы Қытай Халық Республикасымен шекараға «Нұр Жолы» өткізу пунктінде Интеллектуалды көлік жүйесі пилоттық жобасының пысықталуы туралы Қытай тарапына хабарлады және презентациялық материалдарды Қытай тарапына ұсынды.
Келіссөздер нәтижесі бойынша Хаттамаға қол қойылды.