«Бүгін Варшавада «IATA Global Airport and Passenger Simposium» конференциясында ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев бастаған «ЭйрАстана» және «Скат» әуекомпанияларының өкілдерінен тұратын қазақстандық делегацияның қатысуымен IATA-ның 763 резолюциясына Қазақстан бастамашылық еткен өзгерістер пакеті мақұлданды. Соның негізінде «Нұр-Сұлтан» халықаралық әуежайының коды IATA рәсімдері мен стандарттарына сәйкес өзгертілетін болады» деп жазды ведомство.