Саясат • 16 Қазан, 2019

Ресейден де үйренуге болады

352 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жақында «Отандастар қоры» КеАҚ қызметкерлері Ресей Федерациясында отандастарды мемлекеттік қолдаудың халықаралық тәжірибесін зерттеу мақ­сатында Мәскеу қаласына іссапармен барып қайтты.

Ресейден де  үйренуге болады

Сапар барысында Тә­уел­сіз Мемлекеттер Дос­­­тас­тығы істері, шетел­де тұратын отандас­тар және Халықаралық гу­ма­­ни­тарлық ынтымақ­тастық жөніндегі феде­рал­дық агенттік (Рос­сотруд­ничество), Ше­тел­де тұра­тын отандастарды қолдау және құқығын қорғау қо­ры және басқа да Ресей Фе­­дерациясындағы отан­дастарды мемлекеттік қол­дау бағытында қызмет ат­қаратын ұйымдар өкіл­дерімен кездесулер ұйым­дастырылды. Бас­қосу­ларға диаспораларды қолдаудың түрлері мен нысандарының халықаралық тәжірибесі, мемлекеттік және бас­қа да бағдарламалар негі­зінде шетелде тұратын отан­дас­тардың елге оралуы, қо­ныс аудару (репатриация), елге бейімделуге көмек көр­сету және диаспораның мә­се­ле­лері бойынша Ресей Федерациясының атқарып жат­­қан шаралары арқау болды.

Іссапар нәтижесінде ат­қа­рылған шаралар қоры­тындысы бойын­ша бірқатар ұсыныс­тар әзірленді. Бұл ұсыныстардың қатарында «Отандастар қоры» КеАҚ пен ресейлік бірқатар ұйымдар арасында меморандумдар жасасу, Қор қызметкерлерінің ТМД-да және Халықаралық гума­нитарлық ынтымақтастық істері жөніндегі федерал­дық агенттігінде (Россотруд­ни­чество) тағылымдамадан өту мүмкіндігін қарастыру, Ресей­дің шетелдердегі отан­дастармен жұмыс істеу тә­жірибесіне баса назар ауда­ру мәселелері бар. Айта ке­тейік, ресейлік тиісті ұйым­дар шетелдегі отандастармен жұмыс істеудің барлық спектрін жүзеге асы­рып қа­на қоймай, сонымен қатар әлемнің көптеген елдерінде Ресей мәдениеті мен өзіндік ерекшелігін сақтау және дамыту мақ­сатында өзара байланысты жұмыстың өзге де түрлерін қатар жүргізеді.

Бұлардан бөлек, «Ше­тел­­дегі отандастарды мем­лекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасы за­ңының жобасын әзірлеу кезінде шетелдегі отандас­тарды мемлекеттік қол­дау жөніндегі қоғамдық қа­ты­настарды құқықтық рет­теудегі Ресей тәжіри­бе­сін ескеру керек. «2020-2030 жылдарға арналған ше­тел­дердегі қазақтарды қолдау және Қазақстанға ерікті қо­ныс аударудың мем­лекеттік бағдарламасы» жобасын әзірлеу кезінде Ресей тәжіри­бесін қапер­ге алу, «Ресейдегі шетел аза­­мат­тары­ның құ­қық­­тық жағдайы туралы» Феде­рал­дық заңға енгізілген РФ заң­намасындағы жаңа­лық­тарды назарға алу қажеттігі ұсыныстарға енгі­зілді. Айта кетейік, ТМД ел­дерінен кө­шіп келушілер мер­зімі шек­теусіз РФ-да тұ­руға рұқ­сат алу (ықтияр хат) мүмкіндігіне ие, жоғары білім беру бағдарлама­ла­ры­ның түлектері РФ-ға тұрақты негіз­де жұмысқа ор­наласуға мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ Ресейдің шетелде тұратын отандаста­рының ерікті түрде қоныс аударуына жәрдем көрсету, ел өңірлерін дамыту қажет­тіліктерімен шетелде тұ­ратын отандастарының әлеуетін біріктіру мүмкін­дік­­терін пайдалану, ел хал­қының санын, бірінші кезекте мемлекет үшін стра­тегиялық маңызы бар аумақ­­тарда тұрақтандыруға бағытталған шаралар жүйе­сін айқындау бойынша қол­ға алған тәжірибелері назар аударарлық.

 

Дайындаған

Жолдыбай БАЗАР,

«Egemen Qazaqstan»