Аймақтар • 16 Қазан, 2019

Алматыда ұлт зиялылары қазақ тілін дамытуда өз ұсыныстарын айтты

393 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевпен кездескен ұлт зиялылары,мемлекеттік және қоғам қайраткерлері қазақ тілін дамытуда өз ұсыныстарын айтты. Бірі,заңды қатаңдату керек десе, екіншісі мектептерде қазақ жазушыларының кітаптарын көбейткен жөн дейді. Сондай-ақ қазақ тілін заман талабына сай дәріптеу де сөз болды.

Алматыда  ұлт зиялылары қазақ тілін дамытуда өз ұсыныстарын айтты

Қазақстан Жазушылары одағы төрағасының орынбасары Мереке Құлкенов соңғы 20 жылда мектеп кітапханаларына жаңа әдеби кітаптар түспегенін жиылғандардың қаперіне салып өтті. «Оқулықтар және қосымша кітаптар болуы мүмкін Бірақ қазақ жазушыларының кітаптары мектеп кітапханаларында жоқ. Ал, бұл – үлкен проблема», – деді М. Құлкенов.

Алматы қалалық мәслихатының депутаты Кенжехан Матыжанов «аударма контенттердің ішінде қазақ тілі тұру керек» деген ойға басымдық берді.«Осындай қазақ тілі ешқандай адам ресурстарын қоспай-ақ, технология бойынша аударып отыратын болсақ, онда бүкіл ЖОО білім мазмұндары қазақ тіліне еріксіз көшіп кетеді. Және жастар қиналмай, білімді игере беретін болады. Осындай дүниеге жететін болсақ, онда қазақ тілінің өрісі кеңейеді деп ойлаймын», – деді Алматы қалалық мәслихатының депутаты Кенжехан Матыжанов.