Қазақстан • 16 Қазан, 2019

Қостанайға көрші Челябі облысының делегациясы келді

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көрші Челябі облысының  делегациясы қостанайлықтармен бірнеше бағытта меморандумға қол қойды.

Қостанайға көрші Челябі облысының  делегациясы келді

Олар алдымен Қостанайдағы бірнеше кәсіпорындарды аралады. Содан кейін  шара облыс орталығындағы «Жастар сарайына» ауысып, мұнда қостанайлықтар челябіліктердің әкелген фото, қолөнершілер көрмелерін және Златоуст қаласындағы 200 жылдық тарихы бар  қару-жарақ заводы шығарған алтыннан жасалған кәдесыйлар көрмесін тамашалады. «Увельды» санаториінің мамандарын тыңдады.

Мұнан кейін Челябі облысы делегация мен Қостанай облысының арасында сауда-экоеномикалық, ғылыми техника және мәдениет, қоғамдық келісім салалары бойынша екіжақты меморандумдарға қол қойылды.

«Экономиканың көптеген салалары бойынша екі  іргелес облыстың бір-бірінен алары-берері мол. Мысалы, автомашина  және машина құрастыру салаларында Челябіден автобөлшектер аламыз. Сонымен қатар тұрғын үй құрылысының қарқын алуына орай Челябі облысымен байланысты нығайтуға тура келеді.   Челябіде кран мұнарасын жасайтын кәсіпорындар бар, басқа да құрылыс материалдарын аламыз. Мұның барлығы да бізге керек» деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.

Сонымен қатар Архимед Бегежанұлы екі облыстың гуманитарлық, мәдени, мамандар дайындау, туризм салаларында да байланысы нығая түсетіндігін айтты

Қостанайлықтар Челябі және Қостанай облыстары шығармашылық ұжымдарының бірлескен концертін тамашалады.