Аймақтар • 16 Қазан, 2019

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты 18 жылдығын атап өтті

2037 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Осыдан 18 жыл бұрын Алматы қаласында Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының негізі қаланды.Аталмыш оқу ошағы радиотехника мамандықтары бойынша офицер-инженерлерді дайындайтын Орталық Азия аумағындағы тұңғыш әрі жалғыз жоғарғы білім ордасы.

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты 18 жылдығын атап өтті

Институт тарихындағы осынау дара тұрар датаға орай әскери қызметшілер мен курсанттардың, Қарулы Күштер және әскери институт ардагерлерінің қатысуымен салтанатты шара өтті.

Жиналғандарды айтулы күнмен құттықтаған оқу ордасының бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков  бүгінгі курсанттардың әскери институттың айшықты дәстүрлерін лайықты түрде жалғастыратындығына сенім білдірді.

«Біздің жетістігіміз әрбір әскери қызметшінің, оқу орнының барлық азаматтық персоналының саналы түрде және аянбай тер төккен  еңбегінің жемісі. Сіздер әскери білім беруді дамытуға, жоғарғы оқу орнының нықтап қалыптасуына, болашақ офицерлерді дайындауға лайықты үлес қосасыздар. Осының арқасында біздің институт еліміздің әскери жоғарғы оқу орындары арасында жетекші ұжымдардың бірі болып саналады. Қазақстан Қарулы Күштері үшін офицер кадрларын даярлау бойынша мемлекеттік міндеттерді табысты орындап келеді»,- деді Асқар Мұстабеков.

Әскери институт 18 жылдың ішінде Әуе қорғаныс күштері, қазақ армиясының басқа әскери түрлері мен тектері қатарын толтырған 1 730-ға жуық лейтенантты тәрбиелеп шығарған. 185 түлек оқуды үздік бітірсе, оның 27-сі «Әскери оқу орнын үздік бітіргені үшін» төс белгісімен марапатталған. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғары Бас қолбасшысы өз қолымен 18 түлекке диплом табыс еткен.

Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институты зенитті зымыран, радитехникалық әскерлер, авиацияны редиотехникамен қамтамасыз ету байланыс бөлімі үшін білікті офицерлерді, сондай-ақ әскерлер мен қару-жарақты басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің инженерлерін дайындайды. Офицерлер-радиоинженерлерді даярлау 5 мамандық бойынша жүргізіледі.

Әскери ЖОО заманауи оқу-материалдық базамен қамтамасыз етілген. Оқу аудиториялары мен зертханалары түрлі радиотехникалық стендттермен, компьтерлік және лингофонды техникалармен, симуляторлармен, сондай-ақ жаттығу кешендерімен жабдықталған.

Курсанттар теориялық білімдерін, институттың оқу орталығында жетілдіре түседі. Болашақ офицерлер шынайы жауынгерлік техникаларда тәжірибеден өтіп, радиолокациялық бекеттер мен байланыс әскери техникаларына қызмет көрсетеді.