Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы № 1801
Сәрсенбі, 20 наурыз 2013 0:05
2012 жылғы 29 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 95 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 95 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 18, 212-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
Сәрсенбі, 20 наурыз 2013 0:05
2012 жылғы 29 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 95 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 95 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 18, 212-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«7. Бюджеттік бағдарламалар» деген бөлімде:
«7.1. Бюджеттік бағдарламалар» деген кіші бөлімде:
001 «Мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз ету» деген бюджеттік бағдарламада:
«Бюджеттік шығыстар көлемі» деген жолдың «2012 жыл» деген бағанындағы «8348754» деген сандар «8024831» деген сандармен ауыстырылсын;
002 Сот сараптамаларын жүргізу» деген бюджеттік бағдарламада:
«2012 жыл» деген бағанда:
«2) сот-сараптамаларының зертханаларын халықаралық стандарттарға сәйкес жабдықтау» деген жолдағы «725518» деген сандар «309518» деген сандармен ауыстырылсын;
«Бюджеттік шығыстар көлемі» деген жолдағы «2521808» деген сандар «2104808» деген сандармен ауыстырылсын;
005 «Адвокаттардың заңгерлік көмек көрсетуі» деген бюджеттік бағдарламада:
«Бюджеттік шығыстар көлемі» деген жолдың «2012 жыл» деген бағанындағы «301373» деген сандар «280663» деген сандармен ауыстырылсын;
006 «Нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттардың жобаларына және заң жобаларының тұжырымдамасына ғылыми сараптама» деген бюджеттік бағдарламада:
мына:
«
түпкі нәтиже көрсеткіштері
»деген жолдан кейін мынадай мазмұндагы жолмен толықтырылсын:
«
Нормативтік құқықтық актілер жобаларына ғылыми сараптамалар жүргізуді қамтамасыз ету % 100
»;
«Бюджеттік шығыстар көлемі» деген жолдың «2012 жыл» деген бағанындағы «2346973» деген сандар «2226872» деген сандармен ауыстырылсын;
007 «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау» деген бюджеттік бағдарламада:
«Бюджеттік шығыстар көлемі» деген жолдың «2012 жыл» деген бағанындағы «8046» деген сандар «6096» деген сандармен ауыстырылсын;
013 «Сот актілерінің орындалуын қамтамасыз ету» деген бюджеттік бағдарламада:
мына:
«
Әділет министрлігінің қызметін қамтамасыз ету % 100 100 100 100 100
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Ғимараттар мен үй-жайларды ағымдағы жөндеуден өткізу саны 5
»;
016 «Тәркіленген және тыйым салынған мүлікті бағалау, сақтау және сату» деген бюджеттік бағдарламада:
мына:
«
Әділет министрлігінің қызметін қамтамасыз ету % 100 100 100 100 100
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Атқару өндірісі органдарының қызметін қамтамасыз ету % 100 100 100 100 100 100
»;
022 «Әділет органдарының күрделі шығыстары» деген бюджеттік бағдарламада:
мына:
«
Ғимараттар мен үй-жайларды күрделі жөндеуден өткізу (мекемеден кем емес) саны 2
Қызметтік автокөліктерді сатып алу бірлік 20
»
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
Күрделі шығыстармен қамтылған мемлекеттік мекемелер саны (мекемеден кем емес) саны 17 34 34 34 34
»;
мына:
«
әділет органдарының күрделі шығыстары (мекемеден кем емес) саны 17 34 34 34 34
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Ғимараттар мен үй-жайларды күрделі жөңдеуден өткізу (мекемеден кем емес) саны 2
Қызметтік автокөлікті сатып алу бірлік 20
»;
«Бюджеттік шығыстар көлемі» деген жолдың «2012 жыл» деген бағанындағы «1193412» деген сандар «1182147» деген сандармен ауыстырылсын;
047 «Мемлекет мүдделерін білдіру және қорғау, сот немесе төрелік талқылаулар перспективаларын бағалау және жер қойнауын пайдалануға келісім-шарттар және инвестициялық шарттар жобаларының құқықтық сараптамасы» деген бюджеттік бағдарламада:
«мемлекетке талап-арыздардың жоспарлы саны» деген жолдың «2012 жыл» деген бағанындағы «20» деген сандар «23» деген сандармен ауыстырылсын;
«Бюджеттік шығыстар көлемі» деген жолдың «2012 жыл» деген бағанындағы «5575478» деген сандар «6712620» сандармен ауыстырылсын;
055 «Қазақстан Республикасының заң шығару институтының қызметін қамтамасыз ету» деген бюджеттік бағдарламада:
«Бюджеттік шығыстар көлемі» деген жолдың «2012 жыл» деген бағанындағы «312949» деген сандар «312835» деген сандармен ауыстырылсын;
«7.2. Бюджет шығыстарының жиынтығы» деген кіші бөлімде:
«2012 жыл» деген бағанда:
«Бюджеттік шығыстар барлығы:» деген жолдағы «23854718» деген сандар «24096797» деген сандармен ауыстырылсын;
«ағымдағы бюджеттік бағдарламалар» деген жолдағы «23854718» деген сандар «24096797» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. АХМЕТОВ.