Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұйрығы № 06-7/32
Бейсенбі, 28 наурыз 2013 1:19
2013 жылғы 19 наурыз
Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 14-бабына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса берілген Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидалары бекітілсін.
2. Тізілімге сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Агенттіктің Мемлекеттік қызметті өткеру бөлімі (Т.Қ. Жұмағұлов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
Бейсенбі, 28 наурыз 2013 1:19
2013 жылғы 19 наурыз
Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 14-бабына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса берілген Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидалары бекітілсін.
2. Тізілімге сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Агенттіктің Мемлекеттік қызметті өткеру бөлімі (Т.Қ. Жұмағұлов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялау күнінен бастап, бірақ 2013 жылдың 26 наурызынан ерте емес колданысқа енгізіледі.
Төраға Ә.БАЙМЕНОВ.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидалары
Осы Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс (бұдан әрі – конкурс) өткізудің және мемлекеттік органдарда конкурс комиссиясын қалыптастырудың шарттары мен тәртiбiн айқындайды және «Мемлекеттiк қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 14-бабына сәйкес әзiрлендi.
1. Жалпы ережелер
1. Конкурс Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк қызметке тең қол жеткiзу конституциялық құқығын қамтамасыз етедi.
2. Конкурсты «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдары бар (бұдан әрі – бос лауазымдар) мемлекеттік органмен лауазымдардың тиісті санаттарына резервшiлер тiзiмi қаралғаннан кейiн өткiзіледi.
3. Конкурс жариялаған мемлекеттiк орган бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарға iрiктеудi жүзеге асыру үшін конкурс комиссиясын қалыптастырады.
4. Конкурс комиссиясының шешiмi бос лауазымға орналасудың немесе мұндай лауазымға орналастырудан бас тартуға негiз болып табылады.
5. Мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, жарияланған конкурс оның өткізудің кез келген кезеңінде ол туралы міндетті түрде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланып тоқтатылуға тиіс.
2. Конкурс өткiзудiң шарттары мен тәртiбi
6. Конкурсқа:
1) «Мемлекеттiк қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 10-бабы 4-тармағында, 13-бабының 1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады.
7. Конкурс туралы хабарландырулар жарияланғаннан кейін мемлекеттік органға осы Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған азаматтар конкурс қатысушылары болып табылады.
8. Конкурс комиссиясы шешімінің негізінде әңгімелесуге жіберілген конкурс қатысушылары бос лауазымға орналасуға кандидаттар (бұдан әрі – кандидаттар) болып табылады.
9. Конкурс комиссиясы конкурсқа қатысушылар берген құжаттарды қарайтын, кандидаттармен әңгiмелесу өткiзетiн және бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарға iрiктеудi жүзеге асыратын алқалы орган болып табылады.
10. Конкурс мынадай сатылардан тұрады:
1) конкурс өткізу туралы хабарландыруларды жариялау;
2) конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрген азаматтардың құжаттарын қабылдау;
3) конкурсқа қатысушылар құжаттарының «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн алдын ала қарау;
4) кандидаттармен конкурс комиссиясы өткiзетiн әңгiмелесу;
5) конкурс комиссиясының қорытынды отырысы.
11. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
3. Конкурс туралы хабарландыру
12. Орталық мемлекеттік органдарда, ведомстволарда және олардың аумақтық бөлімшелерінде конкурс өткізу кезінде хабарландырулар орталық мемлекеттік органның және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) интернет-ресурстарында, сондай-ақ мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады.
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда конкурс өткізу туралы хабарландырулар жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың және уәкілетті органның интернет-ресурстарында, сондай-ақ мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады.
Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) құрылған жағдайда хабарландыру құрылымында тұратын мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.
13. Конкурс өткізу туралы хабарландырулар жариялағаннан кейін «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 3-тармағы, 14-бабының 8-тармағы және 15-1-бабының 1-тармағында көзделген тәртіп бойынша конкурстық рәсімдер аяқталғанша, азаматтарды жарияланған лауазымға тағайындауға жол берілмейді.
14. Конкурс өткiзу туралы хабарландыру мынадай мәлiметтерден тұрады:
1) мекен-жайы көрсетілген конкурс өткізетін мемлекеттiк органның атауы, почта мекен-жайлары, телефондары мен факс нөмiрлерi, электрондық почта мекен-жайлары;
2) негiзгi функциональдық мiндеттерi, еңбек ақысының көлемi мен шарттары көрсетiлген бос лауазымдар атауы;
3) мемлекеттiк органмен айқындалған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негiзгi талаптар;
4) құжаттарды қабылдау мерзiмi (конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күн);
5) осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген қажетті құжаттар тізбесі;
6) әңгiмелесу өткiзудiң мерзiмi мен орны.
Конкурс белгілі жұмыс істеу мерзімі бар бос лауазымға орналасуға конкурс өткізу жағдайында, бұл шарт конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі.
Хабарландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін қосымша ақпаратты, оның ішінде конкурс комиссиясының отырысына байқаушыларды қатыстыру мүмкіндігі туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.
4. Конкурс комиссиясын қалыптастыру
15. Конкурс комиссиясы осы Қағидалармен айқындалған тәртiппен тиiстi лауазымға тағайындауға құқығы бар тиiстi мемлекеттiк органның басшысымен, ал жауапты хатшы лауазымы енгізілген мемлекеттік органдарда, жауапты хатшымен қалыптастырылады.
Аудандарда, қалаларда, облыстарда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар үшін бірыңғай конкурс комиссиясын құруға жол беріледі. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық, қалалық, облыстық атқарушы органдардың бірыңғай конкурс комиссиясы осы атқарушы органдардың басшыларын тағайындауға құқығы бар тұлғаның шешімімен құрылады.
Орталық мемлекеттік органның аудандық аумақтық бөлімшелері үшін орталық мемлекеттік органның өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшелерінде бірыңғай конкурс комиссиясын құруға жол беріледі. Аудандық аумақтық бөлімшелердің бірыңғай конкурс комиссиясы орталық мемлекеттік органның өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшесі басшысының шешімімен немесе жоғары тұрған органның шешімімен құрылады
16. Конкурс комиссиясы кемінде бес мүшеден тұрады. Конкурс комиссиясының төрағасы осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғамен айқындалады.
Конкурс комиссиясының құрамына персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) қызметкерлері не персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндетін атқару жүктелген тұлғалар, мемлекеттік органның басқа бөлімшелерінің қызметкерлері, сондай-ақ осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғамен айқындалатын өзге тұлғалар енгізіледі.
Конкурс комиссиясының құрамына мемлекеттік органның басшысы және басшы орынбасары болып табылатын мемлекеттік саяси қызметші кіре алмайды.
Конкурс комиссиясының төрағасы осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның шешімі бойынша персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) басшысы не өзге тұлға тағайындалады.
Бірыңғай конкурс комиссиясының құрамына орналасуға өткізілетін конкурс бос лауазымдар бар мемлекеттік органдардың немесе мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қосылады.
Конкурс комиссиясының хатшысы оның жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады және дауыс беруге қатыспайды.
Конкурс комиссиясының қатыспаған мүшелерін алмастыруға жол берілмейді.
17. Конкурс комиссиясының құрамына конкурсқа қатысушы кіре алмайды.
18. Конкурс комиссиясы әр жарияланған бос лауазым үшін сол лауазымға үміткер кандидаттарға міндетті тәртіпте және бірдей көлемде қойылатын сұрақтардың тізбесін бекітеді.
19. Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
20. Байқаушылар әңгімелесу өткізу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.
21. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына 1 жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
22. Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталардан бұрын осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысандағы жадынамамен таныстырады.
23. Байқаушылар конкурс комиссиясы отырыстарының хаттамаларымен танысуға және тиісті мемлекеттік органның басшылығына және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.
24. Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылардың қатыстырылуына жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақ қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді. Конкурс комиссиясының қорытынды отырысына бұл тұлғалар қатыспайды.
25. Конкурс аяқталғанға дейін уәкілетті органдарға ақпарат беруді және Қазақстан Республикасы заңдарымен бекітілген басқа да жағдайларды қоспағанда мемлекеттік органның қызметкерлеріне конкурс комиссияларының құрамы, конкурсқа қатысушылар туралы және олардың жеке деректерін жариялауға жол берілмейді.
26. Уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің жолдамасы бойынша олардың қызметкерлерінің кандидаттармен әңгімелесуде және конкурс комиссиясының қорытынды отырысына қатысуға жол беріледі.
5. Құжаттарды қабылдау
27. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға мынадай құжаттарын тапсырады:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;
3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат.
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Мемлекеттік қызметшілермен тапсырылатын осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады.
28. Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
29. Азаматтар 27-тармақта аталған, құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде бере алады.
30. Азаматтар осы Қағидалардың 27-тармағында аталған құжаттарды хабарламада көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде бере алады.
Конкурсқа қатысу үшін осы Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген құжаттарды электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді.
Осы Қағидалардың 27-тармағында аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
31. Конкурс комиссиясының материалдары, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылардың құжаттары, сондай-ақ конкурстық iрiктеуден өтпеген тұлғалардың сауалнама, өтініш және өзге де құжаттары персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) сақталады.
Аталған құжаттарды сақтау мерзімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 1605 қаулысына сәйкес айқындалады.
6. Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарау
32. Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн конкурс комиссиясы конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарауды жүзеге асырады.
33. Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттардың бiлiктiлiк талаптарына және осы Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестiгiн қарайды.
34. Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттарды қарау қорытындысы бойынша құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін үш жұмыс күн ішінде олардың тиiстi «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi мен конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жiберу туралы шешiм қабылдайды. Шешім хаттама түрiнде ресiмделеді және комиссияның төрағасы, мүшелерi мен хатшысы қол қояды.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі конкурс жариялаған мемлекеттік органның интернет-ресурсында және ғимаратында көпшіліке көрінетін жерлерде орналастырылады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурс комиссия шешім қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күн ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекен-жайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.
Рұқсат алмаған конкурс қатысушылары конкурс комиссиясы шешім қабылдағаннан кейін екі жұмыс күн ішінде бұл туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.
7. Кандидаттармен әңгімелесу
35. Әңгiмелесудің мақсаты кандидаттардың кәсiби және жеке қасиеттерiн бағалау болып табылады.
36. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
37. Кандидаттардың кәсiби және жеке қасиеттерiн бағалау кезiнде конкурс комиссиясы бiлiктiлiк талаптарына және тиiстi бос лауазымның лауазымдық нұсқауларына сүйенедi.
38. Әрбiр кандидатпен әңгімелесу барысы жеке түрдегі хаттамамен ресiмделедi немесе техникалық жазба құралдары көмегімен белгіленеді.
Кандидатпен әңгімелесу хаттамасына конкурс комиссиясының төрағасы, мүшелері, кандидат, сондай-ақ хаттамалауды жүзеге асырушы хатшы қолдарын қояды.
Конкурс комиссиясының техникалық жазба құралдарын қолданылғаны туралы конкурс комиссиясының қорытынды отырыс хаттамасында белгі жасалады.
Әңгімелесу кезінде кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады. Техникалық жазба құралдарын қолдану конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеуі тиіс.
8. Конкурс комиссиясының қорытынды отырысы
39. Әңгімелесу өткiзілгеннен кейiн екi жұмыс күннен кеш емес өткiзiлуi тиiс қорытынды отырыста конкурс комиссиясы кандидаттарды берген құжаттары, өткiзiлген әңгiмелесудiң нәтижелерi негiзiнде бағалайды және олардың қатарынан бос лауазымға орналастыру үшiн iрiктеудi жүзеге асырады.
40. Конкурс комиссиясының шешiмi кандидат қатыстырылмай, ашық дауыс беру жолымен қабылданады.
41. Конкурс комиссиясының шешiмi егер отырысқа оның құрамының 2/3 кем емес бөлiгi қатысса, заңды деп есептеледi.
42. Комиссия құрамынан қатысушылардың көпшiлiгi дауыс берген жағдайда кандидат оң баға алады. Дауыстар тең болған жағдайда конкурс комиссиясы төрағасының дауысы шешушi болып табылады.
43. Конкурс комиссиясы уәкілетті органға әңгiмелесуден өткен кандидаттарды кадр резервiне алуға ұсыным жасауға құқығы бар.
44. Талқылау барысы мен конкурс комиссиясының шешiмi конкурс комиссиясының төрағасы мен мүшелерi, сондай-ақ хаттама жасауды iске асыратын хатшының қолдары қойылған хаттама түрiнде ресiмделедi.
45. Конкурс комиссиясы отырысы хаттамасының көшiрмесi уәкілеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне жiберiледi.
46. Конкурс комиссиясы әңгiмелесуден өткен кандидаттарға конкурс нәтижесi туралы, оның аяқталғанынан кейiн бес жұмыс күн iшiнде хабарлайды.
47. Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бес жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.
9. Кандидаттың лауазымға орналасуы
48. Мемлекеттiк органның басшысы, ал жауапты хатшы лауазымы енгізілген мемлекеттік органдарда, жауапты хатшы конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидатты жарияланған лауазымға қабылдайды.
Жауапты хатшы «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органының жауапты хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі № 372 Жарлығында көзделген жағдайларда кандидатты мемлекеттік органның басшысының келісімі бойынша қабылдайды.
10. Шағым беру тәртiбi
49. Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
50. Уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшесi конкурс комиссиясының шешiмiне келiп түскен шағымды қарайды және «Мемлекеттiк қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының, осы Қағидалардың, мемлекеттiк қызмет туралы басқа да заңдардың бұзылғаны анықталған жағдайда, конкурс комиссиясына қабылданған шешiмдi жоюды ұсынады.
51. Уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң ұсынысы конкурс комиссиясының бұрынғы құрамымен өзінің отырысында қаралады. Осы отырыста конкурс комиссиясы бұрын қабылданған шешiмiн жояды және жаңасын енгiзедi, не оны өзгерiссiз қалдырады. Конкурс комиссиясы қабылданған шешiм туралы, ол қабылданғаннан күнінен он жұмыс күн ішiнде, уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне және шағым берген конкурс қатысушысына немесе кандидатқа хабарлайды.
52. Конкурс комиссиясының бұрынғы қабылдаған шешiмін жоюы және жаңасын енгiзуi мемлекеттiк орган басшысының, ал жауапты хатшы лауазымы енгізілген мемлекеттік органдарда, жауапты хатшының тиiстi шешiмiн өзгертуi немесе қабылдауы үшiн негiз болып табылады.
53. Егер конкурс комиссиясы бұрынғы қабылданған шешiмдi өзгерiссiз қалдырған жағдайда, уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшесi, сондай-ақ шағым берген конкурс қатысушысы немесе кандидат осы шешiмдi сот тәртiбiнде шағым бере алады.
54. Өздерiне қатысты бөлiгiнде конкурс қатысушылары мен кандидаттар, сондай-ақ уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi конкурс құжаттарымен, тестiлеу және әңгiмелесу нәтижелерiмен таныса алады.
Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларына 1-қосымша
Байқаушыға жадынама
Байқаушының:
конкурс қатысушысы туралы ақпаратпен танысуға;
олармен әңгімелесуде қатысуға;
әңгімелесу өткізу рәсімі туралы оның аяқталғанынан кейін өз пікірін білдіруге;
конкурс өткізу барысы туралы жалпы баға беруге;
конкурс комиссиясы отырысының хаттамаларымен танысуға;
конкурс комиссиясының жұмысы туралы мемлекеттік органның басшылығына және мемлекеттік қызметтік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға өздерінің пікірлерін жазбаша түрде беруге мүмкіндігі бар.
Байқаушы:
әңгімелесу барысына фото-, аудио-, видеотүсірілімдер жүргізуге;
конкурс қатысушыларының жеке басы деректерін жариялауға;
әңгімелесу өткізу процесіне араласуға, конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі жасауға;
конкурс қатысушыларына қандай да бір жәрдемдесуге;
конкурс комиссиясының мүшелеріне олардың шешім қабылдауында әсер етуге;
нақты конкурс қатысушысы туралы, оның жеке қасиеттері туралы жария бағалауға және пікірін білдіре алмайды.
Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларына 2-қосымша
__________________________________
(мемлекеттiк орган)
Өтініш
Мені бос тұрған мынадай _______________________________________________________________________________________________________ қызмет орнына тағайындалуым үшiн байқауға жiберуiңiздi сұраймын.
Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.
Қоса берілген құжаттар:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
__________ ____________________________________
(қолы) (Аты-жөні)
«____»_______________ 20__ ж.
Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларына 3-қосымша
Фотосурет орны (4х6)
|
САУАЛНАМА
(Өз қолымен толтырылады)
1. Тегi _________________________________________________________
Аты____________________________________________________________
Әкесiнiң аты ____________________________________________________
2. Азаматтығы __________________________________________________
Егер өзгертiлсе, уақытын көрсетiңiз ______________________________
3. Бұрын сотталған ба едiңiз, қашан және не үшiн _________________
4. Шет елде оқыған немесе жұмыс iстеген кезiңiз_____________________
Болған елiңiз ____________________________________________________
Болған уақытыңыз _______________________________________________
Жұмыс iстеген немесе оқыған жерiңiз ______________________________
5. Соттың шешiмiмен жұмыс iстеу қабiлетiңiз төмен немесе шектелген
деп танылдыңыз ба, қашан және не үшін ____________________________
6. Белгiлi бiр мерзiмге мемлекеттiк қызметті атқару құқынан
айырылдыңыз ба, қашан және не үшiн _______________________________
7. Сіз мынадай:
1) Сіз үміттенген лауазымға тікелей бағынысты;
2) Сіз үміттенген лауазым тікелей бағынысты лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшінің жақын туысы (ата-анасы, ұлы, қызы, бала асырап алушылар, асырап алынған балалар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немересі, жұбайы немесе зайыбы) болып табыласыз ба_______________________________.
8. Тілдерді білуі: _______________________________________________
9. Мекенжайы және байланыс телефоны____________________________
_______________
(жеке қолы)
«___»_________________ 20 ж.
(толтыру күні)
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің күші жойылды деп танылған бұйрықтардың тізімі
1. «Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзудiң қағидасы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi Төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы № А-202 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 1999 жылғы 30 қарашада № 986 тiркелдi, «Казахстанская правда» 2001 жылғы 23 маусымдағы № 149-150 жарияланған).
2. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы № А-202 бұйрығына өзгертулер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасы 2000 жылғы 18 қаңтар № 02-1-7/3 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2000 жылғы 7 ақпанда № 1043 тiркелдi).
3. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы № А-202 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi 2000 жылғы 25 ақпандағы № 2-1-7/16 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2000 жылғы 29 ақпанда № 1066 тiркелдi).
4. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi Төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы № А-202 бұйрығына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2000 жылғы 16 маусымдағы № 02-1-7/60 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2000 жылғы 24 маусымда № 1173 тiркелдi).
5. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы № А-202 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының бұйрығы 2000 жылғы 3 қараша № 02-1-7/154 (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2000 жылғы 11 қараша № 1281 тiркелдi, «Казахстанская правда» 2000 жылғы 18 қарашадағы № 294-295 жарияланған).
6. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы N А-202 бұйрығына толықтыру мен өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Мемелекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2001 жылғы 6 маусымдағы № 02-2-4/98 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2001 жылғы 14 маусымда № 1544 тiркелдi, «Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағында» жарияланған, 2001 жылы, № 25, 430-құжат).
7. «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 986 номiрiмен тiркелген, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының «Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзудiң ережесiн бекiту туралы» 1999 жылғы 24 қарашадағы № А-202 бұйрығына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 10 сәуiрдегi № 02-01-02/44 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2003 жылғы 13 мамырда № 2268 тiркелдi.)
8. «Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзудiң Қағидасы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы № А-202 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi төрағасының 2005 жылғы 21 маусымдағы № 02-01-02/80 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2005 жылғы 27 маусымда № 3694 тiркелдi).
9. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi Төрағасының «Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзудiң Қағидасын бекiту туралы» 1999 жылғы 24 қарашадағы № А-202 бұйрығына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi Төрағасының 2006 жылғы 26 сәуiрдегi № 02-01-02/64 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2006 жылғы 25 мамырда № 4239 тiркелдi, «Казахстанская правда» газетінде 2006 жылғы 3 маусымдағы № 138-139 (25109-25110) жарияланған).
10. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi Төрағасының кейбiр бұйрықтарына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi Төрағасының 2007 жылғы 9 ақпандағы № 02-01-02/113 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2007 жылғы 7 қыркүйекте № 4920 тіркелдi, «Заң газетінде» 2007 жылғы 4 қазандағы № 152 (1355), Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағында, 2007 жылы, шілде-қыркүйек, жарияланған).
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 20 наурызда Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8380 болып енгізілді.