Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Цифрландыру мен айқындылық мәселесі Алматыда талқыланады

23 реткөрсетілді

27 қазанда «Hilton Garden INN Astana» қонақ үйінде «ТКШ-ны Цифрландыру: сапа мен айқындылық» атты іс-шара өтеді.Оны «Зерде» Ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі АҚ-ның қолдауымен Инвестиция және даму министрлігі «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ-мен бірлесіп ұйымдастырады.

Іс-шараның мақсаты – тұрғын үй-коммуналдық саласын цифрландыруға атсалысатын барлық қатысушылар арасында ашық диалог жүргізу, ТКШ-ны цифрландырудың жаңа тәсілдерін ұсыну және бірыңғай тәсілді әзірлеу, сондай-ақ, мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар мен отандық IT-әзірлеушілер арасында диалог орнату. Халықаралық деңгейде ұйымдастырылып жатқан бұл жиынды өткеретін орын ретінде Алматыны таңдап алу бекер емес.  

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын цифрландыру мәселесінде не істейміз, не қоямыз деген бағыттағы ашық әңгіме  қашан да керек.

Бұл саланы цифрландыруда қазіргі үлкен шаруа — суға, жылуға, кәріз жүйесіне, электр қуатына есептегіш құралдарын орнату болып отыр. Есептегіш құралдар дегенде, әрине, ондай өлшеуіш құралдар бұрын да бар екені белгілі. Бірақ уақыт өз ықпалын жүргізуде.  Қазіргі тренд жаңа технологиялар, роботтандыру мен автоматтандыру еңбек ресурстарына және адам капиталының сапасына қатысты талаптарды күрделендірге басымдық береді. . Бұған дейінгі өлшеуіш құралдары бүгінгі заман дамуының деңгейіне жауап бере алмай жатыр. Сондықтан қазіргі уақыт талабы — тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына «ақылды» есептегіш құралдар орнатумен байланысты.

Мамандардың айтуынша, осыдан бір жыл бұрын цифрландыру бағдарламасы қабылданғаннан бері оның алғашқы қадамдары Қызылорда сияқты эсперименттік облыс болып бекітілген өңірлерде жасалған. Инвесторлар іздестіріліп, тұрғын үйлердің жертөлелеріне әлгі «ақылды» есептегіш құралдар орнатылған. Мамандар оның тиімділігін тұрғындарға көрсеткен.

Цифрландыру деңгейі бойынша Алматы үшін ең басты  бәсекелес -  Мәскеу.. Кейбір көрсеткіштер бойынша Алматы і 10 миллионнан астам халқы бар мегаполистермен техникалық түрде салыстыра алмайды. Бірақ Алматыда   қала халқының тұрмысын оңтайландырып, сапалы қызметтер аясын кеңейтуге барынша жағдай жасалып жатыр.  Цифрландыру күнінің аясында  ТКШ саласындағы ең өзекті мәселелерді және оларды жаңа цифрлық технологияларды қолдану арқылы шешу жолдарын қарастыратын дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылады.Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын цифрландыру бойынша өз тәжірибесімен бөлісетін шет елдердің сарапшылары қатысады, деп күтілуде.

Мұнымен қоса, ТКШ саласында қазақстандық IT-шешімдердің көрмесін өткізу жоспарланып отыр.  Іс-шараға Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының басшылары, облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдіктерінің, табиғи монополиялардың субъектілері, «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ, ІТ-әзірлеушілер мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы IT Кеңестің басшылары қатысады.

Соңғы жаңалықтар

Кәсіпқой бокс: WBC рейтингі жарияланды

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 12:18

Күлкі керуені № 14

Руханият • Бүгін, 11:47

176 келі қызылбалықпен ұсталды

Аймақтар • Бүгін, 09:50

Өңіраралық форумда таныстырылды

Экономика • Бүгін, 08:23

6 мың шақырым жол ақылы болады

Экономика • Бүгін, 08:21

Арнайы экономикалық аймақ

Экономика • Бүгін, 08:13

Үздік нәтиже – 12-орын

Спорт • Бүгін, 08:04

Қаһарманға құрмет

Руханият • Бүгін, 08:02

Балуандардың Сырдағы бәсекесі

Аймақтар • Бүгін, 08:01

Мақсаты биік «Мәміле»

Аймақтар • Бүгін, 07:59

ЖИТС-ке қарсы іс-шаралар өтеді

Медицина • Бүгін, 07:43

Таланттар тәлімгері

Руханият • Бүгін, 07:41

Ақын және оның музасы

Руханият • Бүгін, 07:40

Ауадан қармаған айыппұл

Аймақтар • Бүгін, 07:34

Шолоховқа ақ бота сыйлаған

Аймақтар • Бүгін, 07:30

Үркімбаев үйлесімі

Аймақтар • Бүгін, 07:27

Жошыға апарар жол

Қоғам • Бүгін, 07:23

Түрленіп, түлеген Түркістан

Аймақтар • Бүгін, 07:21

Кәсіби кадрлар жұмыс істеуі тиіс

Экономика • Бүгін, 07:12

Оңалту орталықтары салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:03

Телефон арқылы сөйлесті

Президент • Бүгін, 06:50

Елорда неге жарықсыз қалды?

Қоғам • Бүгін, 06:42

Ұқсас жаңалықтар