Жақында облыстық перинаталдық орталықтың басшысы сыбайлас жемқорлыққа жол берді және сәби өліміне қатысы бар деген күдікпен қамауға алынған болатын. Осы оқиғадан кейін өңірдің бас дәрігері лауазымынан босатуға өтініш жазған. Облыстық перинаталдық орталықтың 30-дан астам қызметкері де жұмыстан шығуға арыз берді.
-Облыс әкімдігі денсаулық сақтау саласына айрықша назар аударып келеді, жыл сайын дәрігерлердің қажеттіліктеріне қаражат бөлініп, қаржыландыру мөлшері артып отыр, перзентханалар мен ауруханалардың, медициналық ұйымдардың жұмыстарына толық қолдау көрсетілуде.
Денсаулық сақтау басқармасы тарапынан барлық нормаларды талапқа сәйкестендіру бағытында жұмыстар жүруде. Барлық кінәлілерге шара қолданылады,-деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.