Қоғам • 21 Қазан, 2019

Тұрмыстың сапалы болуы – ел тұрақтылығының кепілі

22 реткөрсетілді

Президент Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы та­ри­­хи маңызы бар құжат деп есептейміз. Өйткені бұл ел азаматтарының әл-ауқа­тын арттыруға байланысты алдыңғы кезектегі мәселелерді шешуге бағытталған.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда әлеуметтік мемлекеттің берік негізі қалан­ды. Соған қарамастан Мемлекет ба­с­­шы­сы қазақстандықтарды тиісті әлеумет­тік қажет­тіліктермен қамтамасыз ету бағытын­дағы жұмыстарды жалғастыру қажет деп есептейді. Енді Үкімет пен әкімдердің қызметі негізінен осы көрсеткіштер бо­йынша бағаланып сараланатын болады. Жолдауда қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайға жан-жақты, терең талдау жасалған және оны түбегейлі оңалту бағытында нақты міндеттер қойылған. Ең бастысы, Президент ең өзекті деген мәселелер бо­йынша нақты міндеттерді қойып, оның шешілу бағыттарын анықтады.

Тұрғындардың кірісін арттыру, өмір сапасын жақсарту сияқты халықты толғандырған ең келелі проблемалар жөнінде салмақты сөз қозғалды. Президент мемлекеттің тыныс-тіршілігінен жан-жақты хабардар екендігін танытты. Осы тұрғыдан алғанда, ең төменгі жалақы мөлшерін 1,5 есеге арттыру жөніндегі міндет үлкен маңызға ие болмақ. Өйткені бұл 1 млн 300 мың адамның өмірімен бай­ла­ныс­ты мәселе. 275 мың мемлекеттік қыз­мет­шінің жалақысы 35%-ға өседі. Өзіміз білім мен ғылым кеңістігінде қызмет етіп жатқан соң Мемлекет басшысы­ның мұғалімдердің мәселесін де назардан тыс қалдырмағаны көңілімізді қуантты. «Педагогтардың мәртебесі туралы» жаңа заң қабылдау бүгінгінің кезек күттірмейтін мәселесі екенін баршамыз білеміз. Президенттің ұстаздарға салынған жүктемені азайтып, үш ауысымды білім беру мәселесін шешу жөніндегі тапсырмасы дер кезінде көтерілген әділ шешім дер едік. Сенаторлар қоғам арасында әбден шарықтау шегіне жеткен бұл мәселені  бірнеше рет көтерген болатын. Енді міне, аталған заңның орындалуына өз үлестерін қосуға дайын. Бұл жерде жоғары оқу орындарының профессор-оқытушыларының мәртебесі туралы ойланатын уақыт жетті деп ойлаймын.

Сондай-ақ Президент «Қазақ тілінің мем­лекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлт­аралық қатынас тіліне айналатын кезе­ңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәре­жеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек», деп уақыт өте келе ұлтаралық қатынас тілі қа­зақ тілі болатындығына сенім біл­дірді. Әри­­не сөз жоқ, мемлекеттік тілдің әлеует­ті, қуат­­ты болуына ерен еңбек ететініміз сөзсіз.

Меніңше, Президенттің медицина, қоғам­дық тамақтану мен көрсетілетін қызмет мәселелерін қамтитын Қызмет сапа­сын бақылау жөніндегі бірыңғай комитет құру жөніндегі бастамасы өте қажет. Бұл тұрғындарға сапалы қызмет көрсету сияқты проблеманы шешуге деген ұмтылыс.

Мемлекет басшысының тұрғындарды баспанамен қамту ісіндегі жайбасарлыққа алаңдауы да негізсіз емес. Осыған жауап ретінде Президент әкімдерге жергілікті бюджет­тен жеңілдікпен берілетін ипотека­ның бастапқы жарнасын субсидиялау мәселесін қарастыруды тапсырды және ірі қалаларда әлеуметік жағынан аз қамтылған азаматтарға арналған жалдамалы үйлердің құрылысын кеңейте түсуді міндеттеді. Міне, бүгінгі таңда мұғалімдер, дәрігерлер, полиция қызметкерлері мен жас мамандар тап осындай қадамдарды күтіп отыр. Алдағы 5 жылда 650 отбасы мен 2 млн-нан астам қазақстандық өздерінің әлеуметтік жағдай­ларын оңалтып алулары керек.

Әрбір азаматтың өзінің өмір тұрмысы­ның сапалы да жақсы болуы әркімнің өзіне байланысты. Дегенмен мемлекет тарапынан бағамды бағдар арқылы біртұтас даму жолына түсу – еліміздің тұрақты болуының кепілі.

Айман ЗЕЙНУЛИНА,

филология ғылымдарының

кандидаты, профессор

 

Соңғы жаңалықтар

Терминге сауаттылық керек

Қоғам • Бүгін, 15:33

Ерлікті ел білуі тиіс!

Қоғам • Бүгін, 08:53

Сапардағы сыр

Руханият • Бүгін, 08:51

Ағалардың жас шағы

100 • Бүгін, 08:42

Ақаңның аманаты

Руханият • Бүгін, 08:40

Жүз жыл

100 • Кеше

Ұқсас жаңалықтар