Аймақтар • 22 Қазан, 2019

ARTиШОК театры Алматыда «Гүлденген қаладағы өмір» спектаклін қойды

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы Event Space-те Koktobe city тұрғын-үй кешенінің жаңа кезегінің таныстырылымы кезінде «ARTиШОК» театры «Гүлденген қаладағы өмір» атты жаңа спектаклін қойды.

ARTиШОК театры Алматыда «Гүлденген қаладағы өмір» спектаклін қойды

Бұл қойылымда бірнеше қала тұрғынының өмірі ерекше форматта баяндалды. Спектакльдің сюжеті қарапайым болғанымен, кез келген адамның жүрегіне жақын. Алматының аулаларының бірінде оның тұрғындары бас қосады. Олардың барлығы түрлі кәсіп иелері, қызығушылықтары әр алуан, алайда олардың барлығын бір үйдің шатыры астында тату көршілігі мен жақсы оқиғаларға толы жарқын өмір біріктіреді. Спектакльде артистермен бірге, сүйікті қаламен бірге жасап келе жатқан музыканттар да өнер көрсетті.

«Біздің спектакліміз өзіміз тұрып жатқан қалаға деген үлкен махаббатпен дайындалды. Соңғы кездерде қаланы сынап, мінейтіндер жиі табылады. Біз үнемі басқа жерге шаһарға көшуге дайын көңіл-күйде жүреміз. Ал спектакльді жасап жатқан кезде біз неліктен Алматыны шынайы сүймеске, деп ойладық. Осындағы қиындықтарды жеңіп, тамаша шешімдер табу қажет деген ой келді. Спектакль Қазақстанда әртүрлі жылдары жазылған, біздің ата-аналарымыз бен өзіміз сүйетін әндерден құралған. Дәл осы әндер арқылы біз жүректен жүрекке жеткен сезімге толы мерекені спектакльге келгендердің бәріне сыйлағымыз келеді», дейді «ARTиШОК» театрының басқарушы директоры әрі актриса Анастасия Тарасова.

 

 

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Қарасай ауданында тартысты көкпар өтті

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025

Қобыз бен киіз үй ЮНЕСКО тізіміне енді

Мәдениет • 11 Желтоқсан, 2025

Иран Президенті Жүрек орталығына барды

Денсаулық • 11 Желтоқсан, 2025

Оралдан Ташкентке әуе рейсі ашылады

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025