Технология • 21 Қазан, 2019

Міне, осылай стартап жасау керек: Рустемнің табыс хикаясы

1634 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Елімізде соңғы жылдары робототехника саласы дамып келеді. Мектепте, жастар ресурстық орталығында, тіпті кәсіпкерлер де роботехника үйірмесін ашып жатыр. Енді қала мен ауыл мектебінің баласында ешқандай шекара жоқ. Сонымен қатар стартаппен айналысатын жастарға мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіледі. Рустем Акишбеков балаларға робототехниканы үйрететін стартап ойлап тауып, олардың бос уақытын тиімді пайдалануға жағдай ұйымдастырып жатыр. Бұл идея қалай пайда болды? Стартапты ойлап табуға не әсер етті? Бұл сұрақтарға стартап авторы жауап берді. 

Міне, осылай стартап жасау керек: Рустемнің табыс хикаясы

- Robo Wunderkind стартабы қалай пайда болды?

Мен 2013 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінен Вена техника университетіне арнайы бағдарламамен ауыстым. Өзім кішкентайымнан гаджет мен робот құрастыруға қызықтым. Бәріне пайдалы робот құрастыруды армандадым. Кейін жоғары оқу орнына түскен соң электроника, микроконтролер, сентор сияқты құрылғылармен жұмыс істеуді үйрендім. Әдетте, мектеп оқушылары оқитын оқу жүйесінде робототехника теориялық жағынан түсіндіріледі де, балалар өздері роботты құрастырып көрмеген соң бұл салаға қызықпайды. Осы мәселені ескеріп, кез келген жастағы балаға бағдарламалауды үйретіп, робот құрастыратын стартапты қолға алдым. Ұсынысымды достарыма айтып едім, олар бірден мені қолдап, тіпті серіктес болды.

- Стартапты құрастыруға не әсер етті?

Мен робототехникаға қатысты қоғамда қалыптасқан пікірді өзгерткім келеді. Өйткені робототехниканы тек қалада оқитын мектеп оқушысы ғана емес, ауылдағы кез келген жастағы бала меңгере алады. Тіпті мектепке дейінгі даярлық класы мен балабақшаның естиярлар тобындағы баланың ата-анасы роботты сатып алуға мүмкіндігі бар. Бала роботты жинақтағы арнайы нұсқаулық бойынша бағдарламалап, идеясын іске асыра алады. Негізі бағдарламалау мен робототехника – өте қызық сала. Кішкентай бала түгілі, өзімді әлі күнге дейін қызықтырып жүрген нәрсе көп. Жаңа инновация мен технологиялар заманында бұл саланы кішкентай кезінен меңгерсе, кейін үлкен жобаларды жүзеге асыратын жастардың қатары едәуір көбейеді.

- Роботты құрастыруға қаражатты қайдан алдыңыз?

Бастапқы кезде роботты Arduino платформасында құрастырдым. Кейін стартап жұмысын жетілдіру үшін қаражат керек болды. 2013 жылы Юрий Левин мен Анна Яроцкая сияқты мамандармен серіктес болдым. Біз белгілі кәсіпкер Кеңес Рақышевтың «Өз бизнесіңлі құрастыр» конкурсына қатысып, жеңімпаз атандық. Егер қандай да бір пайдалы дүниені іске асырғың келсе, ешқандай қиындық жоқ екен. Мен соны старпатты құрастыруда түсіндім. 2014 жылы Американың SOSVentures қоры стартапқа инвестор болуға ұсыныс жасады. Содан соң біз командамызбен Қытайға көштік. Жарты жылдай Қытайда тұрып, командамен өнімізді балаларға қызық етіп жаңартып құрастырық. Кейін Венаға көштік. Бір жылдан соң Австриядағы «Жыл стартабы» жүлдесінің иегері болдық. Қазіргі таңда мен Arkley VC жобасын инвестицияламен айналысып жатырмын.

- Бала роботпен қалай жұмыс істейді?

Robo Wunderkind – бұл бағдарламалау арқылы жұмыс істейтін робот. Бала роботпен жұмыс істеу үшін алдымен модульдерді жинауы керек. Кейін роботты смартфон немесе планшеттегі арнайы мобайл қосымша арқылы басқара алады. Бізде роботтың 9, 15 және 25 деңгейлі модулі бар. Біз осылайша бағдарламалау мен робототехниканы біріктіріп, стартапты баланың күнделікті өмірде пайдаланатын ойыншығы ретінде іске асырдық. Роботтың Robo Wunderkind Starter Kit, Robo Wunderkind Advanced Kit және Robo Wunderkind Kit атты үш жинақ түрі бар. Әр пластик блокта сенсор, мотор, зарядтағыш және қашықтықтан басқаратын бөлшектрі бар. Роботтың әр компонеттің байланыстыру үшін сымның да қажеті жоқ. Бала роботты құрастырып болған соң Android немесе iOS платформа жүйесіндегі RoboPlayApp және RoboProgramming App мобайл қосымшамен бағдарламалайды. Бірінші мобайл қосымшаның функциясында тек роботпен ойнау мүмкіндігі қарастырылған. Ал екінші мобайл қосымша баланы бағдарламалауға үйретеді. Осындай мобайл қосымшалар арқылы роботты өзіңіз қалаған күйде бағдарламау мүмкіндігі бар. Роботтың жинағында қозғалыс, температура блоктары, камера және микрофон бар.

- Стартаптың қандай мүмкіндіктері бар?

Стартаптың ең қызық жері – камера. Планшет арқылы роботтың қайда бара жатқанын басқа бөлмеде отырып-ақ білуге болады. Сонымен қатар лазер нұсқаушы, гироскоп, LED дисплей, температура сенсоры бар. Мысалы, роботты бағдарламалап, бөлмедегі температураға байланысты дыбыс сигналын беруге болады. Егер роботты есіктің алдына қойып, сырттан күш түскенде ол құлайды да, планшетке ескерту жіберіледі. Әр жинақта база жобалардың сипаты жазылған нұсқаулық бар.

- Robo Wunderkind туралы ата-аналардың пікірі қандай?

Меніңше, робот ата-ана мен баланың қарым-қатынасын нығайтады. Өйткені қазір кез келген баланың қолынан түрлі гаджет түспейді. Олардың не көріп, қандай ойын ойнап отырғанынан ата-аналардың көпшілігі білмейді. Заман ағымына сай бәрі өзгеріп жатыр. Сондықтан қазір баланы гаджеттен басқа ойыншықпен ойнап отырғанын көру – өте сирек көрініс. Олар сәйкесінше, жаңа инновациялық технологияға қызығады. Осы мәселені ескере отыры, баланы электроника мен компьютер тіліне үйрететін роботты құрастырдық. Ал роботты сатып алған ата-аналардың пікірі өте жақсы. Үлкендер де бала болды. Іштей бала кездегі ойын іс жүзінде орындағысы келеді. Роботты кез келген ата-ана баласымен бірге бағдарламалап, құрастыра алады. Сонымен қатар біздің роботтың базасында видеобақылау жүйесі арқылы «ақылды үй» ғылыми жобасын іске асыруға болады.

- Robo Wunderkind арқылы ата-ана робототехника мен бағдарламауға қызықыра ала ма?

Өз тәжірибеммен бөліссем, 5 жасымда менде интернеті бар компьтер болған. Техникаға қызыққаным сонша газет-журналдағы ғылыми мақалаларды үзбей оқыдым. Меніңше, ешбір бала вундеркинд болып тумайды. Егер ата-ана баланың қызығушылығына құрметпен қарап, соған қарай жағдай жасаса, ол өз арманы іске асыра алады. Бала армандауды үйренеді. Сонымен қатар бойындағы қорқынышын жеңе алады. Мысалы, әлемге әйгілі Моцарт, Бетховен мен Бах талантты болып туды деп ойламаймын. Оларды ата-анасы 4-5 жасынан бастап музыкаға берді. Әр бастамасына қолдау білдірді. Мұндай мысалдар спорт, өнер мен робототехника тарихында өте көп. Сондықтан ата-ана баласының қызығатын саласына мән беруі керек. Мейлінше баланы соған қарай бейімдесе, нұр үстіне нұр. Қазір робототехника мен бағдарламаулы үйрететін мамандандырылған үйірмелер бар. Егер баланың бейімі болса, оны сондай үйірменің біріне беріп, арманың бірге іске асыруы қажет. Байқасаңыз, кішкентай баланың зейіні өте зерек болады. Ол айналадағы кез келген ақпаратты ересектерге қарағанда тез қабылдайды. Сондықтан баланы компьютер ғылымдары мен робототехникасыға қызықтырсақ, кейін ол бұл саланың қандай маңызды екенін түсінеді. Болашақта міндетті түрде ІТ маманы болу міндетті емес. Меніңше, бұл саланы кез келген адам білуі керек. Өйткені мамандықтың қандай болғанына қарамастан бәрі бағдарламалау мен робототехниканы еркін меңгеріп, қолданатын уақыт келе жатыр.

- Жастарға стартаппен айналысу керек пе? Алдағы уақытта жоспарларыңыз қандай?

Батыста балаларға робототехниканы үйретуді балабақшадан бастайды. Өйткені олар технологияның маңызын ерте кезден білген. Мысалы, Ұлыбританияда 5 жастан, яғни балабақшада оқып жүргенде бағдарламалауға үйретеді. Болашақта бағдарламалауды үйрену шет тілін меңгеру сияқты өте маңызды болатынына сенімдімін. Сондықтан егер арман болса, іске асыруға қорықпау керек. Бастысы өзіне деген сенім. Жастарға да айтарым осы. Қазір мемлекет тарапынан да түрлі конкустар бар. Арнайы гранттар бөлінеді. Тек жаңа идея мен іске асыру керек.

Әзірге стартабымды жетілдіру үшін инвестициясымен айналысып жатырмын. Ал жоспарларымды көрген сәтте баға бере жатарсыздар.

- Әңгімеңізге рахмет!