Қазақстан • 23 Қазан, 2019

Әскерилер арнайы ипотека арқылы үй ала алады

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Баспана» ипотекалық ұйымының мәліметінше, әскерилер үшін «7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламаларының негізгі талаптары бұрынғыдай сақталады.

Әскерилер арнайы ипотека арқылы үй ала алады

Бірақ бұдан былай әскерилер мен арнайы орган қызметкерлерінің ай сайынғы тұрғын үй төлемдерін және жалақыларын ескере отырып, олардың банк тарапынан мақұлдау алу мүмкіндігі артатын болады.

Аталған жаңашылдық екінші деңгейлі банктер іске асырып жатқан тұрғын үй бағдарламаларының мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтеді және әскери қызметшілер мен арнайы мемлекеттік орган қызметкерлерінің тұрғын үй мәселелерін шешуге оң ықпал етеді деп күтілуде.