Тұңғыш Президент – Елбасы 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды науқанының бағдарламасында мемлекеттік қызметтің өзгеруі, жаңғыртылуы тиіс екенін айтты, мемлекеттік қызметке жоғары деңгейлі құзыреттерге ие, заманауи беталыстардан хабардар жастарды тарту қажет.
Президент бастамасы бойынша жастарды қолдау аясында елімізде алғаш рет Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу басталды.
А. Жайылғанованың айтуынша, қазіргі кезде іріктеудің барлық рәсімдері міндетті түрде ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген Резервті қалыптастыру ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
Әлеуетті резервшілерді іріктеу 6 кезеңнен тұрады:
1. Қатысушыларды тіркеу және құжаттарды қабылдау;
2. Үміткерлердің тестілеу;
3. Тестілеуді тексеру;
4. Әлеуетін бағалау (эссе, құзыреттерін бағалау, жобаларды таныстыру);
5. Қатысушылардың Сарапшылар комиссиясымен әңгімелесуі;
6. Қатысушылардың кандидатурасын Ұлттық кадрлық резерв комиссиясында қарастыру.
«Іріктеуге қатысу үшін бастапқы тіркеуден 13212 адам өтті. Оның ішінде 7312 адам тіркеуден соңына дейін өтті. Үміткерлер арасында Қазақстаннан тыс жерде жүрген 46 адам бар. Олардың басым бөлігі Ресейден – 10 адам, АҚШ-тан – 4 адам, Ұлыбританиядан – 3 адам, Түркиядан – 3 адам», — деді ҚР МҚСА төрағасы.
Қазіргі кезде бастапқы үш кезеңі аяқталды – қатысушылардың құжаттары қабылданып, үміткерлер тестілеуден өтті, тестілеу тексерілді.
«Қабілеттерін тестілеу» кезеңі а.ж. 12 қазанда аяқталды. Тест үміткерлердің күрделі ақпаратпен жұмыс істеу қабілеттерін анықтауға бағытталды және екі блоктан құралды – вербалды және сандық. Бұл олардың сараптамалық және сындарлы ойлау жүйесінің деңгейін, логикасын анықтауға мүмкіндік берді.
Қабілеттіліктерді тестілеуге 5745 үміткер қатысты. Бұл кезең нәтижелерін есептеу автоматтандырылған режимде өтті. Нәтижелері үміткерлер тестілеуден өткен соң бірден pkrezerv.kz сайтында қатысушылардың виртуалды жеке кабинеттерінде қолжетімді болды. Одан соң нәтижелер өңделіп, баллдарымен жалпы рейтинг Агенттік сайтында және Pkrezerv.kz сайтында жарияланды.
Ұлттық комиссия резервке іріктеудің келесі кезеңіне жіберілетін үміткерлердің шекті санын анықтады.
Осылайша, тестілеуін тексеруге 1000 артық адам жіберілмейді.
● келесі «Әлеуетін бағалау» кезеңіне — 600-ден аспайтын адам;
● Сараптамалық комиссияда әңгімелесуге – 400-ден аспайтын адам;
● Ұлттық комиссия отырысына – 330-дан аспайтын адам жіберіледі.
Осылайша, бекітілген талаптар негізінде, тестілеуін тескеруге жіберілген 902 үміткер кему бойынша қарапайым ранжирлеу әдісімен анықталды.
Қазіргі кезде тексеру қорытындылары бойынша 549 қатысушы іріктеудің келесі кезеңі – «Әлеуетін бағалау» кезеңінен сәтті өтті.
«Ашықтық үшін азаматтарға іріктеуге қатысушылар туралы ақпарат қолжетімді екенін айтқым келеді. Әрбір іріктеуден соң біз келес кезеңге өткендердің тізімін жариялаймыз. Мәселен, “Әлеуетін бағалау” кезеңіне жіберілгендердің санымен жалпы рейтинг pkrezerv.kz онлайн-платформасында және біздің Агенттік сайтында жарияланды», — деді А. Жайылғанова.
«Әлеуетін бағалау» іріктеуінің келесі кезеңі 2019 жылғы 22 қазан және 3 қараша аралығында өтеді. Бұл кезеңде 3 құрауыш қамтылған: эссе жазу, жобаны таныстыру, құзыреттерін бағалау. Эссе жазу және жобалар презентациясы бейне және аудиофиксация арқылы pkrezerv.kz автоматтандырылған жүйесінде онлайн жүргізіледі.
Іріктеудің әр кезеңін тиісті қызмет саласының мамандары бағалайды. Қазіргі уақытта эссе мен жеке жоба жұмыстарын бағалау үшін сарапшылар пулы анықталған және оның құрамына академиялық орта, мемлекеттік қызметкерлер және кәсіби қоғамдық бірлестіктер мен зерттеу мекемелерінің өкілдері кіреді.
Кандидаттың әрбір эссесін және жобалық жұмысын бір уақытта үш сарапшы онлайн режимде бағалайды. Қорытынды баға сарапшылардың бағаларының орташа мәнінен құрылады.
Құзыреттілікті бағалау туралы айтар болсақ, оны өткізу үшін арнайы оқудан өткен сертификатталған бағалаушылар тартылады. Сондай-ақ, біліктілікті бағалау рәсімдерінің сапасын арттыру үшін бағалаушылардан кейңн кәсіби супервизорлар қарайды.
Жалпы, кандидаттардың әлеуетін бағалау кезеңін қарашаның 20 күндері аяқтау көзделген.
Кандидаттардың Сарапшылар комиссиясымен сұхбаттасуы 27 қараша мен 13 желтоқсан аралығында өтеді. Бұл кезеңде алдынғы іріктеу кезеңдеріндегі ұпайлар жиынтығы бойынша ең жақсы нәтижелерді көрсеткен 400-ге жуық адам жіберіледі.
Сараптамалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша Ұлттық комиссияның қарауына ұсынылатын, 330-дан аспайтын ең жақсы қатысушыдан тұратын тізім жасалады. Резервке қабылдау туралы түпкілікті шешімді Ұлттық комиссия қабылдайды. «Әрбір кандидат өзінің нәтижесін үнемі қадағалай алуы үшін, біз қатысушыларға сайтта өздерінің жеке кабинетінде өз рейтингтерін қадағалай алатын мүмкіндік бердік», — деді агенттік төрағасы.
Тестілеуді тексеру кезеңінен бастап, әрбір келесі кезең үшін мүмкін болатын 100% шаманың белгілі бір пайызы келеді. Сонымен тексеруге 10%, жобаны таныстыруға – 9%, эссеге – 15%, құзіреттілікті бағалауға – 36%, сұхбаттасуға –30%.