Қазақстан • 24 Қазан, 2019

Нұр-Сұлтанда Беларусь Республикасы Елшілігінің жаңа ғимараты ашылды

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. 

Нұр-Сұлтанда Беларусь Республикасы Елшілігінің жаңа ғимараты ашылды

Ресми ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр, Беларусь Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Александр Турчин, сондай-ақ екі елдің іскерлік және дипломатиялық орталарының өкілдері қатысты. 

Этникалық бейнесі мен кең функционалды мүмкіндіктері бар Беларусь елшілігінің жаңа заманауи кешені қаланың қарқынды дамып жатқан ауданында, Қошқарбаев көшесі 9-да орналасқан, оған жақын маңдарда басқа елдердің елшіліктері, конвенционалдық, білім беру, мәдени-ойын-сауық мекемелері, қызмет көрсету және тамақтану кәсіпорындары орналасқан.

Ашылу рәсімі көпқырлы қазақстандық-беларусьтік диалогтың даму тарихында маңызды тармақ болып саналады, ал Қазақстандағы Беларусь жерінің бөлшегі біздің азаматтарымыздың әл-ауқаты мен өркендеуінің өсуіне бағытталған екіжақты қарым-қатынастардың барлық спектрі бойынша өзара тиімді ынтымастастықты арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашылатын жер болмақ. 

Қазақстан Республикасындағы Беларусь Республикасының Елшілігінің Ғимараттар кешенінің жобасын «Тұрғын үй институты – С.С. Атаев атындағы ҒЗЖТҚИ» ММ әзірлеген. 

Елшіліктің ғимараттар кешені әкімшілік ғимараттан тұрады, онда қабылдау залы, конференц-зал, келіссөздер бөлмесі, қызметкерлердің кабинеттері, кітапхана, сондай-ақ тұрғын үй бар, тұрғын үйде 10 пәтер, 2 қонақ үй бөлмесі, жерасты паркингі және Беларусь Республикасы Елшісінің резиденциясы қарастырылған. 

Беларусь Елшілігі «дипломаттық орамда» орналасқан, бұл жерде АҚШ, Корея Республикасының елшіліктері, Ресей Елшісінің резиденциясы бар, сондай-ақ бірқатар дипломатиялық өкілдіктердің (ҚХР, БАӘ, Сауд Арабиясы, Өзбекстан ) ғимараттарының құрылысы жүргізілуде.