Аталған жобаны жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен оның тікелей авторы Айжани Нұрланова жүзеге асырады. Осы аптада ол мен үшінші мегаполис пен елдің ең оңтүстік өңірінің әкімдіктері арасында тиісті меморандумға қол қою жоспарлануда. Жалпы үйлестіруді Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүзеге асыратын болады.
Жоба авторы мұқтаж азаматтарға үйде кәсібін жүргізуге қажетті инвентарь, құрал-жабдықтар мен материалдарды ұсыну арқылы көрсететін болады.
Осындай жоба пилоттық режимде Айжани Нұрланова Маңғыстау облысында сәтті жүзеге асырды, онда 250-ге жуық адам жеке кәсіпкерлікті жүргізудің негізгі дағдыларын үйреніп, жеке ісін ашты.
Бұдан бұрын хабарланғандай, алдағы уақытта «Менің кәсібім» жобасын жүзеге асыру бойынша меморандумдар барлық өңірлердің әкімдіктерімен жасалатын болады.