Технология • 25 Қазан, 2019

Смарт жүйеге көшудегі соны серпіліс

771 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Солтүстiк Қазақстан облысында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру былтырдан бас­тап бiлiм беру, денсаулық сақтау, қауіпсiздiк, көлiк және басқару саласы сияқты бес басым бағытта жүргiзiлiп жатыр.

Смарт жүйеге көшудегі соны серпіліс

Биыл осы бағыттарға ақыл­­ды қаланың 6 компоненті қо­­сымша енгізілді. Олар: ақыл­­ды басқару, әлеуметтік са­ла, экология, бизнес пен құ­ры­лысты дамыту және ауыл­ ­ша­­­­руашылығы. Осы жоба­лар­дың жүзеге асуы облыс хал­қының өмір сапасын арттыратыны сөзсіз.

Білім беру саласына тоқ­­талар болсақ, облыста бар­­­лығы 485 мектеп бар. Со­ның 444-і кең жолақты ин­­­тер­нетке қосылған. Бұл бар­лық мектептің 93,5%-­ы. Был­тыр­ғы қазан айын­да­ облыс ор­талығында «Оқу­шылар сарайы» ашылған болатын, осы ғи­маратта заманауи IT ор­талық жұмыс істейді.

Облыстың 333 мектебі мен 335 балабақшасында екі мем­­лекеттік қызмет авто­мат­­тандырылды. Соның нә­ти­­жесінде жеті жасқа тол­ма­ған мектепке дейінгі бал­дыр­ғандарды «кезекке қою» және «бірінші сыныпқа жол­дама беру» жұмыстары онлайн жүр­гізіледі.

Қазір «Smart-мектеп» пен «Smart-балабақша» жобалары іске асырылуда. Ол он шақты мектеп пен 13 мек­теп­ке дейінгі оқыту меке­ме­сіне толық ен­гізілді. Биыл­ғы оқу жылында тағы 12 мектеп пен 15 мектепке дейінгі оқыту ұйымына ен­гізу жоспарланған.

Облыста «Bilimland» бі­лім беру тұғырнамасына бар­лық мектеп 100% қосылған. «Kundelik.kz» ақпараттық жү­йесіне мектептердің 96,2%-ы енгізілді, қалған оқу орындарын да бұл жүйе­ге енгізу жұмыстары жал­ғасу­да. 16 IT-сынып ашылды, олар жылына 1200 оқушыны қам­тиды. Об­лыстағы 20 кол­леджге «Сова» автоматты ақпарат жүйесі (ААЖ) ен­гізілген.

Денсаулық сақтау сала­сында да ілгерілеу бар. Бар­лық медициналық қызмет­кер компьютерлік техника­мен жабдықталған. Аудан­дық деңгейден төмен және те­гін медициналық кө­мек­­тің кепілдендірілген көме­гін жасайтын медициналық ұйым­дарда ақпараттық жүйе­нің енгізілуі тиісінше 33% және 27%-ды құрайды. Ал аудандық дең­гей­ден жо­ғары ұйым­дар то­лық­тай ақ­параттық жүйеге енгі­зілген. Жаппай компью­тер­лік техника алуға облыс­тық бюджеттен 144,7 млн теңге жұмсалды.

Медициналық құжаттар­ды автоматтандыру медицина мамандарына ғана емес, па­циенттерге де қолайлы екен­­дігін өмір көрсетіп отыр. Қа­зір Петропавл тұрғындары DamuMed пен SKOMed ар­қылы дәрігерге ұялы телефон арқылы жазыла алады. Осының нәтижесінде сыр­қат­тардың дәрігерлердің қа­­­­рауына кезекке тұруы 50%-ға дейін азайды. Сон­дай-ақ ONCOSCREEN мо­биль­­­дік қосымшасын қол­да­ну­дың нәтижесінде қа­тер­­лі ісікпен ауыратын 2 па­циент анықталды. Ал «АнтиИнсульт» қосымшасы ар­қылы тексеруден облыстың 14 882 тұрғыны өтіп, 1 668 адамда инсульттің жоғары қау­­пі, 5 814 адамда орташа қау­пі бары анықталды.

Цифрландыруға басым­дық берілген тағы бір сала – Тұр­ғын үй-ком­мунал­дық шаруашылық. Об­лыс­та «Біртекті есеп айы­рысу ор­талығының» ашыл­ға­нына бірнеше жыл болған. Оған қазір ТКШ қызметін көр­сететін 70-тен артық кәсі­п­о­рын қосылған. Электр қуа­тын тұтыну көлемін көр­се­тетін 30 мыңнан астам жеке есеп­тегіштің көрсеткіштері авто­матты түрде орталыққа ж­іберіледі. Биыл көшедегі жа­рық бергіштерді авто­матты түрде реттейтін қон­дырғы орнату үшін 35 шақы­рымдық жарық беру жүйесі жа­ңартылды.

Қала ішінде жүретін қо­ғам­­дық көліктердің дис­пет­черлік орталығының де­рек­тері қалалық әкімдікке көрініп тұратын болды. Бар­­лық автобустарға GPS жүйесі орнатылған. Ұялы қон­дырғы арқылы барлық бағыттағы автобустардың жұмыс тәртібін «InfoBus» арқылы білуге бо­лады. 2018 жылдан бері аялдамадағы павильондарға 29 ақпараттық табло қойылды. Қалалық автовокзалда электронды билет сату жоспарланып отыр. Өкінішке қарай, автобуста билет сатылмайды, ақшаны жүргізушінің өзі жинайды. Сондықтан бұл салада әлі жүйелі жұмыстар жүргізуге тура келеді.

Қауіпсіздік саласын цифр­ландыру туралы айтар болсақ, қазір жол-көлік оқи­ғасын же­­дел басқару орталығында 2 мыңнан артық бейнекамера бақыланады. Темір жол вокзалында­ бей­некөрініс ар­қылы адамдарды тану жүйесі бар. Ол орталықтандырылған 12 камерадан тұрады. Сондай-ақ ереже бұзған көліктердің нөмірін анықтайтын 7 ин­тел­­лектуалды жүйе іске қо­сыл­ған. Былтыр бейнека­ме­раның көмегімен 1,5 мың құ­қық бұзушы жүргізуші анық­талып, олар 25 миллион теңге айыппұл төледі.

Цифрландырудың жемісін көріп отырған 12 ферма бар. Фермерлер жайы­лымдағы малды «электронды малшы» деген жүйемен бағады. Жа­нуарларды суару, өлшеу, са­қина салу және тағы басқа жұ­мыстың бәрі автоматты түрде жүргізіледі.

Петропавл қаласында «Ашық әкімдік» жүйесі біраз­дан бері жұмыс істейді. Ол әкім­діктің жұмыс процесін фронт-офис пен бэк-офиске бөлген. Сондай-ақ электрон­ды кезек және кеңестік ақ­парат беретін Reception жұ­мыс істейді. Алдағы уа­қыт­та «Ашық әкімдік» жұ­мы­сының мүмкіндігін арт­тыру көзделген.

Осындай «Ашық әкімдік­тер» аудандарда да ашылуда. Биыл 29 мамырда Шал ақын ауданында ашылды. Жыл ая­ғына дейін тағы 3 ауданда осындай жоба іске асыры­лады.

 

 Солтүстік Қазақстан облысы