Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің бұйрығы № 497
Бейсенбі, 25 сәуір 2013 0:42
2012 жылғы 28 желтоқсан Астана қаласы
Тауар шығарылған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар қызметтерін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңының 16-1 бабы 7-тармағына сәйкес, бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Тауар шығарылған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін анықтау жөніндегі сарапшы-аудиторлар қызметтерін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
Бейсенбі, 25 сәуір 2013 0:42
2012 жылғы 28 желтоқсан Астана қаласы
Тауар шығарылған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар қызметтерін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңының 16-1 бабы 7-тармағына сәйкес, бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Тауар шығарылған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін анықтау жөніндегі сарапшы-аудиторлар қызметтерін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті (Р.А. Сәтбаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын заңнамада белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін.
3. «Тауар шығарылған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар қызметтерін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 291 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 10 қарашада № 5849 болып тіркелген және 2010 жылғы 18 ақпанда № 25 «Заң газетінде» жарияланған).
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қ.А. Тулеушинге жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрінің міндетін атқарушы А. РАУ.
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушысының 2012 жылғы 28 желтоқсандағы №497 бұйрығымен бекітілген
Тауар шығарылған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар қызметтерін жүзеге асыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тауар шығарылған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар қызметтерін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар тауар шығарылған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар қызметтерінің және сараптама актiсiн жасау және беру тәртібін айқындайды.
3.Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
өтініш беруші – тауардың шығу тегі туралы сертификатты алуға мүдделі жеке немесе заңды тұлға;
сараптама ұйымы – штатында тауардың шығу тегін сараптау, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыратын тауар шығарылған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторы бар заңды тұлға.
4. Тауардың шығу тегін сараптауға, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындауға (бұдан әрi – Сараптау) мыналар кiредi:
1) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7372 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі міндетін атқарушысының 2011 жылғы 2 желтоқсандағы № 441 бұйрығымен бекітілген Тауардың шығі тегін растайтын құжаттар тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) көрсетілген құжаттар және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысымен бекітілген Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты рәсімдеу, куәләндіру және беру жөніндегі ереженің (бұдан әрі – Тауар шығарылған елді анықтау ережесі) 45-тармағында көрсетілген құжаттар сараптамасы;
2) сыртқы белгiлер, таңбалау бойынша тауарды сәйкестендiру (атауы, тұрпаты, түрi, орамасы, класы, дайындаушы кәсiпорын);
3) жеткiлiктi қайта өңдеу өлшемiнiң сәйкестiгiн айқындау және тауардың қосымша құнын айқындау мақсатында тауар шығарудың технологиялық процесiнiң сараптамасы.
5. Бiлiктiлiк аттестатын алған және Тауар шығарылған елдi айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлардың тiзiлiмiне енгiзiлген сарапшы-аудитор Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесіне сараптама жүргізеді және сараптамалық қорытындыға қол қояды.
6. Сарапшы-аудитор тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың толық пакетімен өтінімді ұсыну және тіркеу сәтінен бастап екі жұмыс күні ішінде тауардың Сараптаманы жүзеге асырады.
2. Тауар шығарылған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар қызметінің тәртібі
7. Тауар шығарылған елді айқындау, Сараптама актісін құрастыру және беру Қазақстан Республикасынан экспортталатын, керi экспортталатын тауарларға және ішкi айналымға арналған тауарларға жасалады.
8. Қазақстан Республикасынан экспортталатын, кері экспортталатын тауардың шығарылған елін айқындау, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау үшiн сарапшы-аудитор, тауар:
1) толығымен қазақстанда шығарылғандығын;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандаңы № 1478 қаулысымен бекітілген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімде және Еуропалық экономикалық қоғамдастықтың № 2454/93 Регламентінде келтірілген тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдерін ескере отырып (бұдан әрі – тауарларды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдерін ескере отырып, қазақстанда шығарылған) қазақстанда шығарылғаны;
3) Кеден одағы;
4) шетелде шығарылғандығын белгiлеуi тиiс.
9. Қазақстан Республикасынан экспортталатын, керi экспортталатын тауардың Сараптамасымен байланысты жұмыстарды сарапшы-аудитор Тауардың шығарылған елін айқындау ережесінің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім негізінде шарттық және өтініш беруші Тізбеге сәйкес ұсынған құжаттар пакеті негізінде жүргізеді.
10. Сараптама нәтижесi бойынша сарапшы ұйым Тауардың шығарылған елін айқындау ережесінің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасынан экспортталатын, керi экспортталатын тауардың шығу тегi туралы сараптама актiсiн өтiнiш берушiге бередi, онда тауар:
1) толығымен қазақстанда шығарылған;
2) жеткілікті қайта өңдеу өлшемін ескере отырып, қазақстанда шығарылғаны;
3) Кеден одағы;
4) шетелде шығарылғаны көрсетiледi.
11. Ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау үшін, тауар:
1) толығымен қазақстанда шығарылған;
2) Тауар шығарылған елді айқындау ережесінде белгіленген тауарды жеткiлiктi қайта өңдеу өлшемiн ескере отырып, қазақстанда шығарылғаны белгіленеді.
12. Ішкі айналымға арналған тауар шығарылған елді айқындау жөніндегі сараптамамен байланысты жұмыстарды сарапшы-аудитор Тауар шығарылған елді айқындау ережесінің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім негізінде шарттық және 45-тармақта көрсетілген құжаттар пакеті негiзінде жүргізеді.
13. Сараптама нәтижесi бойынша сарапшы ұйым Тауар шығарылған елді айқындау ережесінің 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сараптама актiсiн өтiнiш берушiге бередi, онда тауар:
1) толығымен қазақстанда шығарылғаны;
2) Тауар шығарылған елді айқындау ережесінде белгіленген тауарды жеткiлiктi қайта өңдеу өлшемдерiн ескере отырып, қазақстанда шығарылғаны көрсетiледi.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 28 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 8311 болып енгізілді.