«Салтанатты кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы достық қатынастар дамуының жоғары деңгейін атап өтіп, алдағы уақытта жоспарланған екіжақты іс-шаралар кестесін, соның ішінде келешектегі екіжақты жоғарғы деңгейдегі іс-сапарларды және 2019 жылғы 28 қазанда Берн қаласында өтетін Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Швейцария үкіметаралық комиссиясының кезекті отырысын талқылады», делінген хабарламада.