Спорт • 26 Қазан, 2019

Төрт боксшымыз финалда жұдырықтасады

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік жазғы әскерилер ойындарында Қазақстанның төрт боксшысы финалға шықты.

 

Төрт боксшымыз финалда жұдырықтасады

49 кило салмақтағы Теміртас Жүсіпов Солтүстік Кореяның сайыпқыраны Жан Рион Кимге сан соқтырды.  64 кило салмақтағы Ділмұрат Мижитов Алжирдың мықтысы Яхия Абделлиадан айласын асырды. 69 кило салмақтағы Асланбек Шымбергенов Таиландтық тастүлегі Сайлом Ардиге тізе бүктірді. 91 кило салмақтағы АбзалҚұттыбеков ирландиялық Дэниэл О'Брайаннанбасым түсті.

Жартылай финалда күш сынасқан тағы екі боксшымыз жеңіліп қаліп, қола медальді қанағат тұтты. 75 кило салмақтағы Тимур Нүрсейітов ресейлік Алексей Семыкинге жол берсе, 81 килосалмақтағы Аят Маржықбаев мысырлық Абделрахман Орабиге есе жіберді.