Қазақстан • 26 Қазан, 2019

Б.Сапарбаев әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады

296 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Талсуат ауылдық округінде орналасқан мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту орталығында болды.

Б.Сапарбаев әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Вице-премьер мүгедектерді оңалтудың заманауи технологияларымен танысты. Мұнда мұқтаждарға медициналық, психологиялық, педагогикалық, еңбек және тұрмыстық қызметтер көрсетіледі.

Орталық 2012 жылы пайдалануға берілген. Оның жалпы аумағы 17,6 гектар. Ғимараттың ауданы  82,6 мың шаршы метр. Орталықтың екі қабатты ғимараты 5 блоктан тұрады. Олардың әрқайсысында асхана, емдеу кабинеті және демалыс бөлмелері орналасқан. Орталық толығымен заманауи кабинеттермен жабдықталған.Мұнда емделушілер биованна, сенсорлық кабинеттерде де ем алады. Демалыс үшін акт залы, тігін шеберханасы, ағаш бұйымдарын дайындау шеберханасы және кітапхана жұмысы ұйымдастырылған.

Әлеуметтік қызметкерлер күніне арналған мерекелік іс-шараға облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі  мен вице- премьер Бердібек Машбекұлы қатысты.

«Сіздердің еңбектеріңіз маңызды кәсіптердің бірі . Сіздер қиын жағдайға душар болған адамдарға және көмек пен қолдауды қажет ететін жандарға қызмет етесіздер. Сіздердің күнделікті орасан еңбектеріңіздің арқасында   біздің азаматтарымыздың әлеуметтік жағдайы жақсарады. Мереке күні Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз, адамдарға деген ақ пейілдеріңіз  бен шынайы махаббаттарыңыз үшін шын жүректен алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер»,- деді Б. Сапарбаев.

 

Сондай-ақ, вице-премьер келесі жылдан бастап әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы орта есеппен 30 пайызға артатынын айтты.

 

Облыстың үздік әлеуметтік қызметкерлеріне Премьер-Министрдің орынбасары мен Облыс әкімінің алғыс хаттары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік сала үздігі» төсбелгілері, сондай-ақ, естелік сыйлықтар табыс етілді.

Орталық 1 және 2-топтағы мүгедектерге сапалы арнайы әлеуметтік көмек көрсету үшін қажетті барлық заманауи құрал жабдықтармен жабдықталған. Көрсетілген қызметтердің арқасында соңғы 6 жылда 57 арбадағы мүмкіндігі шектеулі жан аяғынан тұрған, 284 адамның қол және аяқ қозғалысы жақсарған, 170 адам тұрмыстық өзіне – өзі қызмет көрсетуге бейімдеген , 110 жанның мүгедектік топтағы көрсеткіші төмендеп, жұмысқа орналастырылған сонымен қатар, 66 адам өз кәсібін ашуға мүмкіндік алған.

 

Сапалы қызмет көрсетумен бірге орталықта үкіметтік емес ұйымдармен әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру бойынша бірлескен жұмыстар да жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025