Спорт • 27 Қазан, 2019

Қанат Ислам жеңіске жетті

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам намибиялық Уолтер Каутондоквамен жекпе-жекке шықты.

Қанат Ислам жеңіске жетті

Қанат Ислам  және намибиялық Уолтер Каутондоква арасындағы жекпе-жек Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтті. Жекпе-жек он раундқа созылды. Әр раунд тартысқа толы болды.

Қанат Ислам бесінші раундты сәтті өткізді. Қарсыласына бірнеше қауіпті соққы жұмсап, нәтижесінде намибиялық    Уолтер Каутондокваны нокаутпен сұлатып түсірді.

Десе де намибиялық боксшы көп ұзамай ес жиып, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. Одан кейінгі раундтарда африкалық боксшы Қанат Исламға лайықты қарсылық көрсетті.

Он раундқа созылған жекпе-жекте төрешілер шешімімен Қанат Ислам жеңіске жетті.

Айта кетейік, Қанат Ислам осымен 27 жекпе-жегінде қарсыласынан басым түсіп отыр. Ол WBO (Бүкіләлемдік бокс ұйымы) белбеуіне қол жеткізді.