Қазақстан • 28 Қазан, 2019

1100 пәтер оңтүстік өңірлерден көшіп келушілерге беріледі

159 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

1100 пәтер Нұр-Сұлтан қаласы, оңтүстік өңірлерден көшіп келушілерге беріледі. Облыстық құрылыс басқармасының мәліметінше, 2025 жылға дейін облыстағы үш қалада көпқабатты 200 тұрғын үйлердің құрылысын бастау жоспарланды.

1100 пәтер оңтүстік өңірлерден көшіп келушілерге беріледі

Осы үйлердегі 1100 пәтерлер Нұр-Сұлтан қаласы мен еңбек ресурсы көп оңтүстік өңірлерден қоныстанушыларды тұрғын үймен қамту үшін  облысымызға басқа өңірлерден көшіп келушілер үшін салынады.

Яғни облыс  орталығында 100, Екібастұзда 50, Ақсуда 50 көпқабатты үй тұрғызылады. Осы  үйлердегі 1100 пәтерлер  Нұр-Сұлтан қаласы мен еңбек ресурсы көп оңтүстік өңірлерден қоныстанушыларды тұрғын үймен қамту үшін  облысымызға басқа өңірлерден көшіп келушілер үшін салынады.

Сонымен қатар 2 мың жеке тұрғын үйлер салынады. Қазіргі кезде Екібастұз және Ақсу қалаларында құрылыс басталып та кетті.

Құрылыс жұмыстарын Нұр-Сұлтан қаласы мен өз өңіріміздің құрылыс компаниялары қолға алған. Алғашқы үйлер келер жылдың наурыз айында пайдалануға беріледі. Жоспар бойынша, құны 10,9 млрд теңге болатын 19 жоба жүзеге асырылмақ. Бұл мақсатқа қаржының 8,1 млрд теңге республикалық, 2,8 млрд теңге облыстық бюджеттен бөлінеді. Сөйтіп, облыс орталығындағы Достық шағын ауданында 2, Екібастұздағы №22 шағын ауданда 10 және Ақсу қаласындағы №4 ауданда 7 көпқабатты үйлер бой көтереді.

Биыл жоба аясында Екібастұзға барлығы 2 мыңнан астам адам келсе, келесі жылы облысқа шамамен 6 мың адам қоныс аударады деп жоспарлануда. Жеке үйлер де берілмек. Жалпы, жеке үйлердің құрылысы «Nurly Ertis», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүргізілуде.