Қазақстан • 28 Қазан, 2019

«Экстремизмсіз Қазақстан» акциясы басталды

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оралда ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен «Діни экстремизмның алдын алу мәселелеріндегі жастардың рөлі» атты екі күндік оқыту семинары өтті.

«Экстремизмсіз Қазақстан» акциясы басталды

Шара барысында студенттер мен жоғарғы оқу орындарының магистранттары экстремизмнің алдын алу, еріктілердің қайырымдылық қозғалыстарын ұйымдастыру және әлеуметтік желілер ресурстарын тиімді пайдалану бойынша түрлі сауалға жауап алды. Оқыту семинары барысында тараптар радикалдық идеологияның теріс ықпалынан сақтану, экстремистік идеяларға тойтарыс беру мәселелерін талқылады.

–Семинарлардың мақсаты – экстремизмге қарсы волонтерлік қозғалыс және әлеуметтік желілердегі жұмыстарды дамыту. Және басқа конфессиялар өкілдеріне толеранттық көзқарас құру– дейді блогер Яков Федеров.

Семинар ұйымдастырушыларының пайымынша, жастар ешқандай дәлелденбеген қағидаларсыз-ақ еріктілер қозғалысын құру арқылы қайырымдылық істермен айналыса алады. Еріктілердің ұйымын құруды меңгеру, әлеуметтік желілерді тиімді пайдалана білу де маңызды міндеттер қатарында.

–Біздің ойымызды дамытуға көп үлесін қосып жатыр. Бізге көптеген идеяларды айтып және оларды қалай дамыту керектігін, дін жолында қалай теріс жолға кетпеу керектігін бәрін түсіндіріп жатыр, бізге бұл ұнап жатыр. Себебі бұл жерде өзіңнің де пікіріңді білдіруге болады, – дейді студент Альбина Нұрбаева.

Елімізде «Экстремизмсіз Қазақстан» атты республикалық акция жұмысын бастады. Осы акция аясында байқау ұйымдастырылып, елордада қорытындыланады.