Ресейдің Красноярск қаласында еркін күрестен Олимпия ойындарының үш дүркін жеңімпазы және алты дүркін әлем чемпионы Бувайсар Сайтиевтің жүлдесі үшін жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир аяқталды. Жарыс нәтижесінде қазақстандық балуандар 2 алтын және 4 қола медаль еншіледі.
57 килодағы Егор Анчугн мен 75 кило салмақтағы Мүсілім Жақсылық халықаралық турнирде топ жарса, Әди Серікұлы (41 кг), Серік Нұрасыл (57 кг), Асхаб Хаджиев (57 кг) және Әлихан Құсайыновтар (85 кг) қола жүлдегер атанды. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан екінші орын алды.