Байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған қазақстандық әскери спортшылар спорттың 11 түрі бойынша бақ сынап, жалпы саны 12 жүлде жеңіп алды. Атап айтар болсақ, боксшылардан Теміртас Жүсіпов, Асыланбек Шымбергенов, үш қарғып секіру бойынша Ольга Рыпакова, таэквондодан Руслан Жапаров алтын жүлде иеленсе, боксшылар Ділмұрат Мижитов, Абзал Құттыбеков және балуан Нұрқожа Қайпановтар күміс жүлдені қанағат тұтты. Ал балуан Айдос Сұлтанғали мен Гүлмарал Еркебаева және боксшылар Тимур Нұрсейітов, Баян Ақбаева, Аят Мыржықпаев әскери ойындарының қола жүлдегері атанды.
12 жүлде жеңіп алған отандастарымыз медаль кестесінде 12-орыннан көрінді. Жалпыкомандалық есепте Қытай құрамасы 232 медальмен (131 алтын, 64 күміс, 37 қола) көш бастады. Ресей құрамасы 157 жүлдемен (49, 51, 57) екінші, Бразилия спортшылары 82 медальмен (20, 29, 33) ү