Президент • 29 Қазан, 2019

Президент жұмыс сапарымен Алматыға келді

421 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі күндік жұмыс сапарымен Алматыға келді. Сапар барысында Президент Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты жиын өткізіп, бірқатар нысандарды аралайды деп күтілуде. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің facebook парақшасында жазды.

Президент жұмыс сапарымен Алматыға келді

Президент бүгін жаңа Алматы бағдарламасының тұсаукесерімен танысып, «Балалар үйінің» тәрбиеленушілеріне пәтер кілтін табыс етіп, Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңеске қатысады.

Сонымен қатар «Tech Carden» инновациялық кластерінің жұмысымен, инвестиция үйінің тыныс-тіршілігімен танысады. Сондай-ақ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне барып, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығын араламақ.

Жұмыс сапарының екінші күні Президент Алматыдағы резиденциясында бірқатар кездесулер өткізеді.

 

Соңғы жаңалықтар

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Кеше

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Кеше

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Кеше

Қазақстанда мал ауруы 51%-ға төмендеді

Шаруашылық • 12 Желтоқсан, 2025