Қазақстан • 29 Қазан, 2019

Нұр-Сұлтанда пәтерлер тек кезек бойынша беріледі

109 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елорда әкімінің кеңесшісі Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, мессенджерлерде Нұр-Сұлтан қаласында пәтерлерді кезексіз алып жатқаны туралы жалған ақпарат тараған. Кезексіз пәтер беру қарастырылмаған. Әлеуметтік баспана кезекте тұрған азаматтарға заң шеңберінде тек кезек бойынша беріледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Нұр-Сұлтанда пәтерлер тек кезек бойынша беріледі

Ағымдағы жылдың ақпан айында мемлекеттік органдар мен тұрғындар арасында коммуникативті ваккум қалыптасты. Бұл мәселені шешу үшін қалалық әкімшілік қоғамдық қабылдаулардың қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін концептуалды шараларды қабылдады.

Екіншіден, бүгінгі таңда әкімдіктің негізгі қызметі халықпен кері байланысты нығайтып, азаматтық қоғаммен толыққанды өзара байланыс орнатуға бағытталған.  Мәселен, елордада әлеуметтік желілерде «кері байланыс»  орнатылып, «Жанұя» және iKomek орталықтары жұмыс істер тұр. Сонымен бірге қала әкімінің жанында қоғамдық қабылдау тиімді қызмет атқаруда.

«Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап әр апта сайын қала әкім, оның орынбасарлары, аудан әкімдері мен мемлекеттік органдар басшыларымен тұрақты түрде азаматтарды қабылдайды. Атап айтқанда, әкімнің қоғамдық қабылдауы басталған уақыттан бастап, 29 маусымнан бүгінге дейін А.Көлгінов қаланың 500-ден астам тұрғынын қабылдады. Онда 1347 өтінім бойынша мәселе көтеріліп, 89% кешіктірілмей шешімін тапты. Сондай-ақ орынбасарларымен 1,4 мыңнан аса, аудан әкімдері мен басқарма басшылары 2,5 мыңнан аса елорда тұрғынын қабылдады», - деді Е.Бейсенбаев.

Тұрғындардан түсетін мәселелердің көбі тұрғын үй, білім, несиелік қарызын өтеу, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, материалдық көмек, абаттандыруғ ТКШ, жолдарға қатысты.

Екіншіден, «Жанұя» отбасын қолдау орталығы 70-тен аса мемлекеттік қызметті біріктіріп, бір терезе қағидасы бойынша азаматтарға көмек көрсетеді. Ашылған күннен бастап оған 4,5 мыңнан аса адам жүгініп, 8,5 мың мәселе көтерді. Оның 6,5 мыңы бойынга жүйелі консультациялар беріліп, 2 мыңға жуығы шешімін тапты.

Үшіншіден, аудан әкімдіктерімен «Open Akimat» принципі енгізілді, соның шеңберінде ашық есік күндері өткізіліп, елорданың 1000-нан аса тұрғыны қатысты.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025