Президент • 29 Қазан, 2019

Алматыда жұмыссыздық деңгейі 5,1%-ға төмендеген

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан қаланы дамытуға арналған алқалы кеңесте шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев биылғы жылдың 9 айындағы дамудың негізгі нәтижелеріне және қаланың алдында тұрған түйінді мәселелерге тоқталып өтті.

Алматыда жұмыссыздық деңгейі 5,1%-ға төмендеген

Әкімнің сөзінше, соңғы көрсеткіштер әлеуметтік-экономикалық дамудың оң динамикасын көрсетіп отыр. Алғашқы жартыжылдықта жалпы өңірлік өнімнің өсімі 4,1%-ды құраған. Өнеркәсіп 5,9%-ға, инвестиция – 5,5%-ға, құрылыс - 3,1%-ға, тұрғын үйді пайдалануға беру - 2,8%-ға өскен.

«Инфляция 3,3%-дан аспайды.Жұмыссыздық деңгейі 5,1%-ға дейін төмендеді. Жыл басынан бері 29,2 мың жаңа жұмыс орны ашылды.Салықтық әкімшілендіруді жақсарту есебінен мемлекеттік бюджетке түсетін салық өткен жылға қарағанда 12,4%- ға көп жиналды», деді Бақытжан Сағынтаев өз сөзінде.