Кәсіпқой бокс • 29 Қазан, 2019

Кәсіпқой бокс: Рейтингтегі жағдайлары жақсарды

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенбі күні Алматыда өткен кәсіпқой бокс кешінде жеңіске жеткен қазақтың гүрзі жұдырықты жігіттері өздерінің Boxrec.com порталындағы рейтингтегі жағдайларын едәуір жақсартты.

Кәсіпқой бокс: Рейтингтегі жағдайлары жақсарды

Бірінші раундта-ақ өзбекстандық Мұхитдин Раджапбаевтың меселін қайтарған Арман Рысбек (78 кило) бірден 325 сатыға жоғарлап, қазіргі кезде ол өз дивизионында 201 орынды иеленуде.

Украиналық Ярослав Мануйловты ұтқан Сапарбай Айдаров (74 кило) 526 сатыдан 356 орынға көтерілді. Бұл бәсекеде төрешілердің барлығы да біздің жігіттің жеңгенін бірауыздан мойындаған еді.

Осыған дейін Руслан Мырсатаев (+91 кило) Boxrec рейтингінде 191 орынды қанағат тұтып келді. Беларусь елінің өкілі Юрий Быховцевтен басым түскеннен кейін ол 114 сатыға жайғасты.

Ал сол кештің басты жекпе-жегінде Намибиядан келген Уолтер Каутондокваны ұпай санымен жеңген қандасымыз Қанат Ислам 12 сатыға жоғарлап, бұл күндері 12 орынды иемденуде.