Атап айтқанда, Ресей Федерациясы Табиғи ресурстар жəне экология министрі Дмитрий Кобылкинмен жəне «Росгеология» АҚ басқарма төрағасы Сергей Горьковпен кездесті.
Д. Кобылкинмен кездесуде Қазақстан Экология министрлігі басшысы экология саласындағы жəне трансшекаралық өзендерге, оның ішінде Орал өзені суының азаюына қатысты бірқатар проблемалық мəселелерді көтерді.
«Біздің сарапшыларымыз бұл аймақтағы экологиялық жағдайды бағалауға жəне Орал өзенін сақтауға бағытталған бағдарламаларды одан əрі құру жəне іске асыруға арналған ғылыми дəлелденген қорытындылар жасауға мүмкіндік беретін кең көлемді ғылыми зерттеулер жүргізу қажеттігі туралы ортақ пікірге келді», - деп атап өтті М. Мырзағалиев кездесу барысында.
Ол сондай-ақ ресейлік əріптестерді «Жайық (Орал) өзенінің трансшекаралық бассейнін сауықтыру бағдарламасын» əзірлеуді жеделдетуге шақырды.
Сондай-ақ 2020 жылы Көкшетау қаласында Қазақстан мен Ресей арасындағы «Экология саласындағы ынтымақтастық» тақырыбындағы 17 аймақаралық ынтымақтастық форумын өткізу жоспарланды.
«Росгеология» басшысымен кездесуде Қазақстанның Каспий маңы ойпаты, Ертіс өзені, Солтүстік Торғай мұнайлы газды атырап бассейнінің көмірсутек шикізаты ресурстық қуатын бағалау бойынша бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізу мүмкіндігі талқыланды.
Бүгінгі күні «Росгеология» компаниясы мен «Қазгеология» АҚ арасында келісім, сондай-ақ Өзара іс-қимылды дамыту жөнінде 2019-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілгенін атап өткен жөн.