Аймақтар • 29 Қазан, 2019

Жаңаөзеннің макроэкономикалық көрсеткіштері жайлы айтылды

447 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жаңаөзен қаласындағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 128,9 млрд теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,0 млрд теңгеге өсті. Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі 98,3% құрады. Өнеркәсіп өнімінің  көлемі өткен жылмен салыстырғанда жоғары болғанымен, өнеркәсіптің басқа салалары бойынша төмендеп отыр.

Жаңаөзеннің макроэкономикалық көрсеткіштері жайлы айтылды

Өндіріс саласындағы техникалық қызмет көрсету жұмыс көлемінің өткен жылға қарағанда төмендеу себебі - «ӨзенМұнайГаз» АҚ-на техникалық қызмет көрсететін «Бұрғылау» ЖШС-і арқылы көрсетілген техникалық қызметтер 01.09.2019 жыл кезеңіне 28,0 млрд теңгені құраса, ал 01.09.2018 жыл кезеңіне – 30,0 млрд теңге болған, яғни 2,0 млрд теңгеге азайып отыр.

Бұдан басқа табиғи газ өндірудің азаюынан негізгі капиталға салынған инвестиция (НКИ) азайып отыр (табиғи газ өндіру - 174,1 млн текше метр болып, 16,1 млн текше метрге төмендеді, 01.09.2018ж - 190,2млн текше метр). Негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі  25,9 млрд теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 4,1 млрд теңгеге немесе 16,9%-ға азайып отыр (2018ж. қаңтар-тамыз айларында – 30,0 млрд теңге). Төмендеу себебі: жеке тұрғын үй құрылысына салынған ивестиция көлемі 2019 жылдың 6 айында 6,0 млрд.теңгені құраса (455 үй), 2018 жылдың 6 айында 11,0 млрд теңге болған (665 үй), яғни 5,0 млрд теңгеге (210 үй) азайып отыр. Бұдан басқа 2018 жылы 900 орындық 3 мектептің құрылысы жүргізілген болатын, құны – 4,5 млрд теңге және «ОралМұнайПром» ЖШС тарапынан 3,0 млрд теңгеге электрстанциясын салды, деді  Жаңаөзен қаласының әкімі Мақсат Ибағаров мәлімдеді.

Мақсат Оңғарбайұлының мәлімдеуінше, «Іске қосылған тұрғын үйлердің жалпы ауданы 80,6 мың шаршы метрді құрады, 2018 жылдың сәйкес деңгейіне қарағанда 82,0% құрады (2018ж. қаңтар-тамыз айларында – 98,2 мың шаршы метр).

Төмендеу себебі: Жаңаөзен қаласында жеке тұрғын үйлерге арналған жел телімдері 2010 жылдан бастап бөлінбеген. 2010 жылға дейін берілген жер телімдерінің қабылдау актілері тіркеліп болған. Жаңаөзен қаласының және оған іргелес ауылдарда тұрғын үй құрылысы салынып,  бірақ қабылдау актісі рәсімделмеген тұрғын үйлерге ескерту беріліп, жұмыстар жалғасын табуда.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 9,763 млрд.теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда97,0%-ды құрады  (2018ж. қаңтар-тамыз айларында – 9,762 млрд теңге болды). Құрылыс жұмыстарының өткен жылға қарағанда 1,0 млн теңгеге жоғары болғанымен, НКИ төмендеуі тұтыну бағасының жоғарылауынан бопып отыр (103,3%-дан 103,6%-ға өсті).

Инженерлік-инфрақұрылымдары ауыз сумен, электр жарығымен және көгілдір отынмен (газ) толықтай қамтамасыз етілген.