ДСҰ Бас директоры Роберто Азеведо Қазақстанды XII Министрлік конференциясының төрағасы қызметіне сайлануымен құттықтап, біздің еліміз өткізетін халықаралық сауда саласындағы жаһандық іс-шараға дайындық шеңберінде ДСҰ-ның тығыз ынтымақтастыққа дайындығын растады.
Сонымен қатар Сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов ДСҰ-ның алдағы Министрлік конференциясының ықтимал субстантивтік қорытындыларын талқылау мақсатында ДСҰ-ға мүше елдердің негізгі Елшілерімен кездесті. Кездесу барысында ол бүгінгі көпжақты сауда жүйесі протекционизм және біржақты сауда шаралары түріндегі теңдессіз сын-қатерлерге тап болатынын атап өтті. Осыған байланысты министр 2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласында маңызды шешімдер қабылдау мақсатында елдерді белсенді бірлескен жұмысқа шақырды, бұл ДСҰ-ға ағымдағы сын-қатерлер мен қажеттіліктерге толық сәйкес келуге мүмкіндік береді.
ДСҰ-ның XII Министрлік конференциясының күн тәртібіндегі негізгі келіссөз бағыттары ДСҰ-ны реформалау мәселелері, қызметтерді реттеу, инвестициялар мен электрондық саудаға жәрдемдесу саласындағы жаңа жаһандық ережелер, сондай-ақ балық аулау субсидиялары бойынша келіссөздер болады деп күтілуде.
Қазақстан ДСҰ-ны реформалау идеясын қолдайды және реформалар ДСҰ-ға мүше барлық елдер үшін халықаралық сауданың бірыңғай бәсекелестік шарттарын қамтамасыз етуі тиіс деген ұстанымды ұстанады.