Мемлекеттік хатшы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің, Еуразиялық интеграция институтының, Орталық коммуникациялар қызметінің, Қазақстандық қоғамдық даму институтының, «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының және Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ұжымдарымен кездесіп, онда еліміздегі этносаралық келісім, білім, ғылым, ақпарат салаларында атқарылып жатқан мемлекеттік саясаттың бағыт-бағдары туралы айтты.
Қырымбек Көшербаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде болып, оқытушы-профессорлар құрамымен кездесу өткізді және аталған білім ордаларының оқу бағдарламаларымен және материалдық-техникалық базасымен танысты.